{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне лайықты әрі әділ баға беру керек
Қасым-Жомарт Тоқаев: Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне лайықты әрі әділ баға беру керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне лайықты әрі әділ баға беру керек

Ел астанасын Алматыдан солтүстікке қарай көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды. Елордада өткен Бауырлас қалалар форумында Астананың 25 жылда қалай түрленгенін жіпке тізген Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы іске асыруға күш салған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне лайықты әрі әділ баға беру керек деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Тұңғыш президенттің осы бастамасы жалпыұлттық идеяға айналды. Бұл шешім халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне еш күмән жоқ. Сондықтан барлығымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек.

Президент қаланың түйткілді мәселелеріне де баса назар аударды. Орталық көшелерді ғана жарқыратып қоймай, Астананың шет жағына да көңіл бөлу керек дейді мемлекет басшысы. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған қала инфрақұрылымы қолжетімсіз. Алдағы міндет арнайы пандустар мен көзі нашар көретін адамдарға қолайлы жаяу жүргіншілер жолағын жасау. Бұл уақыт өте шешімін табатын мәселелер.

Жалпы бүгінде елорда аймақтағы ірі қаржы орталығына айналды. Астана халықаралық қаржы орталығы осы күнге дейін елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартқан. Қазір бұл орталықта әлемнің 75 елінің екі мыңнан аса компаниясы бизнес жүргізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Астана ЮНЕСКО шешімімен Бейбітшілік қаласы атанды. Бас қаламызда халықаралық шаралар ұйымдастырылды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, ЭКСПО халықаралық көрмесі өтті. Қазір Астана дінаралық диалог пен рухани дипломатияның ордасы. Әлемдік тәстүрлі діндер съезі соның айқын көрінісі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.