{metadescription}
Апатты үйлердегі тұрғындардың бүгінде жағдайы қалай?
Апатты үйлердегі тұрғындардың бүгінде жағдайы қалай?

Апатты үйлердегі тұрғындардың бүгінде жағдайы қалай?

Елімізде апатты үйлердің саны артты. Оның көрсеткіші бір жылда 8 пайызға өскен. Осылайша жыл басынан бері 2 мыңнан астам пәтер тұруға жарамсыз деп танылылыпты. Онда 30 мыңға жуық адам тұрып келеді.

Әр өңірдегі тозығы жеткен үйлердің 30 пайыздан астамы жарты ғасыр бұрын салынған ескі баспаналар. Оларды сүріп тастап жаңасын салуға арналған бүгінде реновация бағдарламасы бар. Қабырғасы қақырап тозығы жеткен үйде тұратын тұрғындардың бүгінде жағдайы қалай?

Тозығы жеткен ескі үйлер Алматыдағы ең күрделі мәселенің бірі. Мегаполисте салынғанына тіпті бір ғасырға жуық баспаналар бар. 60-70 жыл бұрын бой көтергені де жетерлік. Олардың өзі қираудың аз-ақ алдында тұр. Ескі үйде тұрып жатқандардың да тынышы кеткелі қашан. Соның бірі Гүлзия Молдахметова. Ол тұруға жарамсыз баспанасына көршілерімен бірге әкімдікке шағымданып жүріп, кеше ғана жаңа үйге қол жеткізген.

Гүлзия Молдахметова:

- Өте қуаныштымыз. Бір қабатты болғаннан кейін ол жерде жағдай жоқ. Жай ғана 15 шаршы метр бөлмеміз болды. Артық басқа еш қосымша жағдайы жоқ. Ол жерде көбінесе жылу, ыстық суымыз болған жоқ. Тек суық су. Суық су. Бірақ енді адам қазір амалын табады ғой. Жабдық қойып, ыстық суды да солай қолдандық. Дәретхананың бәрін өзіміз жасап, реттеп алдық. Жалпы бәріміз бірге қолданатын дәретхана болатын.

Сүрілгелі жатқан үйдің сиқы осы. Сыз тартып, қабырғалары көгерген. Ең сорақысы, не жылу, не кәріз жүйесі жоқ. Соған қарамастан 30 жылға жуық 17 отбасы өмір сүріп келіпті. Сәуле Әзербаевадан басқасының бәрі маусымның басында Түрксіб ауданынан берілген жаңа пәтерге қоныс аударған. Күйеуімен қалып қалған әйелге өзі қалағандай үй бұйырмапты. Яғни осындағы жалғыз үш бөлмелі пәтердің иесіне өзге тұрғын үйлерден екі, не бір бөлмелі ғана үй ұсыныпты.

Сәуле Әзербаева:

- Бізге де Осипенко дейді, ол жақ ұнамайды. Үлкен көлік бар, қоятын орын жоқ. Содан кейін қалып отырмыз. Бізде ғана үш бөлме, қалғанында бірбір бөлме. Олар қуана-қуана кетті. Өйткені ішінде дәретхана, шомылатын бөлмесі бар. Мына жақта дәртхана біреу, дәлізде. Жағдаййы нашар, қарап тұрсаңыздар. Отырыңдар, күтіңдер деді. Отырмыз, қай кез екенін нақты айтпады. Бір ғана отбасы қалдық.

Алматының шет жағындағы ескі үйлерді айтпағанда, қаланың қақ төрінде тұрған баспаналардың да мәселесі шаш етектен. Бүгінде қалада 1930-1975 жылдар аралығында тұрғызылған 1400-ден аса ескі үй бар. Оларда 60 мыңнан астам адам тұрады. Ең көбі Түрксіб, Бостандық, Жетісу аудандарында орналасқан.

Әнуар Ғабдуллин, «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Биыл алматылық 254 отбасы ескі үйін тастап, жаңа пәтерге қоныстанды. Сонымен қатар 2023–2030 жылдарға арналған тұрғын үйді реновациялау бағдарламасының жаңартылған жобасы әзірленуде. Толықтырылып, өзгертулер енгізіледі. Оны мәслихатқа осы шілде айында ұсынамыз. Яғни тозған үйдің пайыздық өлшемі қанша болуы керек? Оның орнынан жаңа баспана қанша жылда салынып бітуі тиіс сынды мәселелер заңмен көрсетілуі тиіс.

Мамандардың айтуынша бағдарламаның баяу жүруіне негізгі кедергі – қызығушылық танытқан инвесторлардың аздығы. Ал тұрғындарды алаңдататыны – баспаналарының жыл санап емес, ай сайын ескіріп, тозып бара жатқаны. Елімізде ең апатты үйлер әсіресе Атырау, Ақмола облысы мен Астана қаласында тіркеліп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде