{metadescription}
Алматыда қоғамдық көліктің жолақысын 33 пайызға өсірмекші
Алматыда қоғамдық көліктің жолақысын 33 пайызға өсірмекші

Алматыда қоғамдық көліктің жолақысын 33 пайызға өсірмекші

Алматыда қоғамдық көлікпен жүру құнын бақандай 33 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Енді автобус, метро мен троллейбус жолақысы 150 емес, 200 теңге. Ал картамен немесе мобильді қосымша арқылы 80 теңгенің орнына 100 теңге талап етілуі мүмкін.

Осындай бағаны ұсынған жергілікті билік тарифтің шарықтауын қымбатшылықпен тікелей  байланыстырып отыр. Ал ескі баға 11 жылдан бері өзгермеген. Атқамінерлердің келтіріп отырған мысалы мынау: кезінде дизель отынының құны 90 теңгені құраса, қазір 295 теңге. Бұрын газды 33 теңгеден құйсақ, бүгін 108 теңге. Қосалқы бөлшек бағасы да аспандап кеткен. Тиісінше, бұл шығындар субсидиялау көлеміне де әсер етеді. Яғни жылдан-жылға өсе береді деген сөз. Ол тікелей жергілікті бюджетке үлкен жүктеме түсіреді деп отыр. Сайып келгенде автобуспен жол жүру ақысын төлем әдісіне байланысты 25-33 пайызға қымбаттатуды көздеп отыр. Дегенмен бұл тек ұсыныс 21 шілдеге дейін ашық талқыланады. Алайда жұрттың онсыз да қымбатшылықтан көз ашпағанын ескерсек, қарапайым халыққа бұл жаңалық жақпайтыны анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.