{metadescription}
Cу ресурсын тиімді пайдалануды қадағалайтын ведомство құрылуы мүмкін
Cу ресурсын тиімді пайдалануды қадағалайтын ведомство құрылуы мүмкін

Cу ресурсын тиімді пайдалануды қадағалайтын ведомство құрылуы мүмкін

Елімізде су ресурсын тиімді пайдалануды қадағалайтын жеке ведомство пайда болуы мүмкін. Аталған орган су қолданудың ғылыми, техникалық және қаржылық жағын бақылауға тиіс. Қазір су мәселесімен үш министрліктің айналысуы аққу, шортан һәм шаянның кебін киген дейді депутатар.

Қазір су тапшылығы мәселесі Қазақстанда ғана емес, көршілес елдерде де өршіп бара жатыр. Халық қалаулылары бұл мәселені кешенді түрде шешу керек дейді. Ол үшін шет мемелкеттерден елімізде жоққа тән гидрогелогия саласында білім беретін білікті мамандарды тарту қажет. Су ресурстарын тиімді пайдалануда техникалық материалдар өндірісін қолға алу үшін инвестиция қажет. Себебі су мәселесін шешуге республикалық бюджеттен бөлінген 100 миллиард теңге көлге тамған тамшыдай.

Айдарбек Қожаназаров Мәжіліс депутаты:

- Біздегі барлық құрылым 3-ке бөлінген. Нақты су мәселесімен жұмысты жолға қоя алатын бір ғана мекеме айналысу қажет. Өйткені су тапшылығы мәселесі жыл өткен сайын өзекті болып келеді. Су ағатын каналадардың құрлысын бастау керек. Ал бізде мұндай жобаларды жүргізіп, қадағалайтын мамандар да жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде