{metadescription}
Ақтөбе облысында Ғұн тайпалары мекен еткен жерлерге қазба жұмысы басталды
Ақтөбе облысында Ғұн тайпалары мекен еткен жерлерге қазба жұмысы басталды

Ақтөбе облысында Ғұн тайпалары мекен еткен жерлерге қазба жұмысы басталды

Ақтөбе облысында байырғы Ғұн тайпалары мекен еткен жерлерге кешенді қазба жұмыстары басталды. Зерттеу жұмыстары бірден Әйтеке би, Қобда, Темір және Ойыл аудандарында жүреді. Дәл осы аумақтарда біздің дәуіріміздің 2-4 ғасырларында Ғұн-сармат кезеңіне қарасты ескерткіштер шоғырланған.

Экспедиция Дербісәлі 2 қорымынан басталған. Бұл Қиыл өзені бассейнінде орналасқан ең ірі қорымдардың бірі. Онда қорған іспеттес салынған 40‑тан аса мола бар. Қазба жұмыстарына Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкерлері мен Ақтөбе облысы өлкетану мұражайының жұмысшылары қатысып жатыр. Экспедиция аяғында табылған жәдігерлерге антропологиялық зерттеу жүргізіледі. Ғалымдар осы арқылы көне дәуірдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігін анықтамақшы.

Асылан Мәмедов, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері:

- Нысандардың формалары әртүрлі, кейбіреуі жәй үйінді боп келсе, кейбіреуі ғибадатхана ретінде тұрғызылған. Кейбіреуінің пішініне қарағанда гантель тәрізді. Ғұн Сармат тайпаларының қоғамда қандай адамдар жерленгенін, сол қоғамда қандай рөл атқарғанын анықтау үшін осындай жұмыс жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.