{metadescription}
«Инфинити Трэвел М» туристік агенттігінің директоры сотталды
«Инфинити Трэвел М» туристік агенттігінің директоры сотталды

«Инфинити Трэвел М» туристік агенттігінің директоры сотталды

Атырауда «Инфинити Трэвел М» туристік агенттігінің директоры сотталды. 42 жастағы Марта Нам 30 миллион теңгені алаяқтық жолмен қалтаға басқаны үшін бес жылын түрмеде өткізеді.

 

Зәуре Қазақбайқызы, судья:

- Сот Нам Мартаны алаяқтық ісі бойынша айыпты деп санап, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды үкім етті. Жазасын 5 шілдеден бастап орташа қылмыстық атқару мекемесінде өтейді.

Судья сотталушының кәмелетке толмаған баласы барын да ескермеді. Себебі турагенттік басшысы отызға жуық саяхатшыны сан соқтырып кеткен. Бірақ әлі күнге дейін ешқайсысына ақшасын қайтарып бермепті. Мемлекеттік айыптаушы оны 4 жыл 8 айға соттауды сұрады. Алайда судья 5 жылға үкім кесті. Осыған дейін үйқамақта отырып, сот залынан қамауға алынған сотталушы жәбірленушілердің миллиондарын екі ай ішінде қайтаруға міндеттелді.

Жарты жыл бұрын осы турагенттікке алданған атыраулықтар құзырлы органдардың алдында шу шығарған еді. Мысырға, Түркияға барамыз деп жүгін жинап, отбасыымен жазғы демалысқа жиналғандар алданып қалған. Себебі туристік агенттік менеджерлері хабарласып, фирма басшысы қашып кеткенін айтқан. Осыдан кейін демалысының шырқы бұзылған отыз шақты адам сотқа арызданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.