ШҚО: Асубұлақ орман шаруашылығының 20 гектары жанып кетті
Шығыс Қазақстан облысында тағы да өрт. Қызыл жалын Асубұлақ орман шаруашылығындағы 20 гектар аумақты күлге айналдырған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
06.07.2023
Тілсіз жауды бірден ауыздықтау мүмкін болмады. Себебі, таулы аймақтағы ну ағаш пен бұта көліктердің жүруіне кедергі келтірген. Сондықтан өртті өшіруге тікұшақтар жұмылдырылды. Атап айтқанда, 250- ден астам адам, 35 арнайы техника мен 5 тікұшақ үш күн бойы дала өртін өшіруге күш салып жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті жалынның таралуы тоқтатылғанын хабарлады. Қазір бықсыған жерлерге әуеден су себілуде. Ал елдімекендерде өрт қаупі жоқ дейді жауаптылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!