{metadescription}
«Қираған үйде қорқынышпен өмір сүреміз»
«Қираған үйде қорқынышпен өмір сүреміз»

«Қираған үйде қорқынышпен өмір сүреміз»

Ал Ақтөбеде апатты үйдің тұрғындары наразылық білдірді. Он жылдан бері қирағалы тұрған баспанада қорқынышпен өмір сүріп жатырмыз дейді олар. Осы жанайқайын жеткізу үшін бүгін қаланың жаңа әкімімен кездесуді талап етті.

Қания Әжіғұлова Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Биыл отыра алмаймыз сырқырып ішіне түсіп жатыр ана. Қорқамыз түнде жатқанда пісмілләй деп жатамыз. Сытыр сытыр етіп отырып жатыр бәрі отырып жатыр.Үйміз сырость жаман туалетке шейін үйімде залыма кіре алмаймыз. Күнделікті постельдерімізді жаямыз да отырамыз далаға. Сырость үйіміз тіптен қыс жаз.

Наразы топ қала әкімімен ақыры кездесе алған жоқ. Оларды орынбасары қабылдады. Тұрғындардан кешірім сұраған шенеуніктің айтуынша, апатты үйлердің орнына жаңа баспана салатын инвесторды да шақырыпты. Ал құрылыстың тоқтап қалуына құжаттардағы шикілік себеп екен. Сондықтан шенеуніктер мердігердің қолын байлап отырған мәселелерді тезірек шешіп, құрылысты жалғастырамыз деп уәде берді. Тіпті апатты үйдегі 58 отбасы жылдың соңына дейін жаңа баспанаға кіреді дейді атқамінерлер. Ал құлауға шақ қалған бес үй осыдан 40 жыл бұрын жақын маңдағы колониялардың жұмыскерлері үшін салынған екен. Енді олар түгел сүріледі.

Руслан Әжниязов Ақтөбе қалалық тұрғын үй инпекциясы бөлімінің басшысы:

- Инвесторлар жоқ болғасын, біздер бірталай ірі компнаиялармен сөйлестік. Бірақ көп компаниялар бас тартты. Экономический нецелесообразно деп. Стройстандарт 222 компнаиясы үй салып жатыр оларға. Осы жылдың аяғына дейін үйді толық салып осы Чкалинадағы 5 апатты үйдің тұрғындары сол үйлерге көшіріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде