{metadescription}
Талапкерлер тәртіп бұзған
Талапкерлер тәртіп бұзған

Талапкерлер тәртіп бұзған

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардан тыйым салынған 402 зат тәркіленген. Тәртіп бұзуға талпынған талапкерлердің барлығы тестілеу залына жіберілмепті. «Дегенмен, бақылау комиссиясынан айласын асырмақ болғандар жылдағыға қарағанда азайды» деп отыр Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

Руслан Емелбаев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

- ҰБТ өткізу барысында 402 талапкер смартфонғ шпаргналка, және тағы да басқа тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті сладарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиторияны 312 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылған болатын. Кейбір тестіленушілерден жасырын камералар микроқұлаққаптар, смартфондар және басқа да тыйым салынған заттар табылды. Сонымен қатар біз барлық бейнежазбаларды 2023 жылдың 31 қазанына дейін талдау жасаймыз.

Тест қорытынды бойынша брифинг өткізген Ғылым және жоғары білім вице-министрінің сөзінше, 135 мыңға жуық талапкер шекті көрсеткішті жинаған. Осылайша, ҰБТ-ның орташа баллы өткен жылмен салыстырғанда 7 баллға өсіп, 73-ті құрап отыр. Осы жылдағы тестілеудің ерекшелігі, оқушылар екі мәрте сынақ тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Олар енді ең жақсы нәтижесін грант иелену үшін арнайы конкурсқа жолдай алады. Ал, биыл тегін білім алуға қатысу үшін өтініштер 13-і мен 20 шілде аралығында қабылданады. Талапкерлер еGov порталы арқылы электронды түрде онлайн өтініш бере алады. «Сонымен қатар, құжаттарын дәстүрлі форматта, яғни офлайн тапсырғысы келетіндер университетке келе алады. Онда қабылдау комиссиялары жұмыс істейді» деді Қуаныш Ерғалиев. Жалпы, биылғы талапкерлердің 75 пайызы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде тест тапсырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде