{metadescription}
Есепшілерінің кезекті былығы
Есепшілерінің кезекті былығы

Есепшілерінің кезекті былығы

Мектеп пен балабақша есепшілерінің кезекті былығы! Бұл жолы жылмысқы әрекет Ақмола облысында әшкереленді. Оларға жалпы сомасы 83 миллион теңгені қолды қылды деген айып тағылуда.

Бас прокуратураның таратқан ақпаратына сәйкес, Бұланды балабақшасының бухгалтері арам ойын кәсіпкерлермен ауыз жаласып жүзеге асырған. Нақтырақ айтсақ, есепші ойдан шығарылған келісім-шарттар жасай отырып, одан түскен қаражатты туыстарының шоттарына аударыпты. Дәлел ретінде, аударымдардың шынайылығын көрсету үшін бухгалтер құжатқа тауарларды жеткізуге келіскен кәсіпорындардың атын атап, түсін түстеп көрсеткен. Сол қызметте отырған жылдары балабақша есепшісі 47 млн теңгені заңсыз жолмен қалтаға басқан деген күдікпен қамауға алынды. Сондай-ақ, Степногор қаласындағы мектептердің бірінде бухгалтер өз шотына 36 млн теңгені жалақы ретінде аударған. Қазір күдіктілер тергелуде. Олардың қылмысы дәлелденсе 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақсат Сұрағанов, Ақмола облыстық прокуратура басқармасының прокуроры:

- Осы фактілер бойынша қылмыстық істер ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша қылмыстық істер тіркелген. Қылмыстық істерді тергеу үшін арнайы прокурорларға берілді. Облыс прокуратурасының осы бағыттағы жұмысы жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде