{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе облысының экс-әкімінің соты кейінге шегерілді

Ақтөбе облысының экс-әкімінің соты кейінге шегерілді

Ақтөбе облысының экс-әкіміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді. Қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталған Ермек Имантаев ақпан айынан бері тергеу абақтысында отыр. Алдын ала сот тыңдалымында қорғаушылар өтінішті қарша боратып, басты сот отырысының уақыты белгіленбеді.

Тергеу мәліметінше Имантаев «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясын басқарып тұрған тұста, жаңа салынып жатқан шағын ауданда жер учаскесін төмен бағамен кәсіпкерлерге сатқан. Осы арқылы мемлекетке 130 миллион теңге шығын келтіріпті. Кейін экс-шенеунікке тағылған айып «бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде талан таражға салу» бабына өзгертілді. Дегенмен экс-әкімнің қорғаушысы істе кейбір қисынсыз тұстардың барын  айтып,  қайта қарауға жіберуді талап етті. Сонымен қатар адвокат оны үйқамаққа жіберуді сұрады. Өйткені мамыр айында күдіктінің жүрегіне ота жасалған екен. Естеріңізге салсақ Имантаев әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясын 2019-2021 жылдары басқарған. Ал, Ақтөбе облысы әкімі лауазамында 2002-2004 жылдары қызмет атқарды.

Дидар Берікбол адвокат:

- «Батысшағын ауданындағы жерлер кімге, қалай сатылғаны, ол жерлер үшін ақшаны кім алғаны және осылардың Имантаевқа қандай қатысы барлығы анықталмаған. Оны анықтау үшін сол іске қатысы барлардың телефондары зерттеліп, олардың мүлкін анықтап, сол қылмыс жасалған уақытта олардың банктік есепшоттарындағы ақша айналымдары жіті тексерілуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде