{metadescription}
0:000:00
Тау шыңындағы көлдерге қауіп төніп тұр

Тау шыңындағы көлдерге қауіп төніп тұр

Алматыға тау шыңындағы 6 көлден қауіп төніп тұр. Табиғи апаттың алдын алу үшін «Қазселденқорғау» мекемесі мен құтқарушылар Іле Алатауындағы көлдердің суын азайтуға кірісті. Өйткені шіліңгір шілде - шың басындағы мұздықтардың еріп, су деңгейі арнасынан асатын уақыт. Мамандар биыл да мореналық көлдерді бақылауға алып, ең қауіпті дегендерін арнайы құрылғының көмегімен тексеріп жатыр.

Алатаудың басында 51 мореналық көл бар. «Қазселденқорғау» мамандары мен төтеншеліктер оны төрт мезгіл бойы бақылайды. Алайда дәл осы шіліңгір шілденің ыстығында қауіп арта түседі. Яғни тау шыңындағы қыс бойы түскен қар аптап ыстықта еріп, көлдердегі су деңгейін көтеріп жібереді. Таң атысымен тасқынның алдын алуға тікұшақпен аттанған мамандар, арнайы аппараттар мен құрылғыларын да өздерімен ала кетті.   

Нұрсұлтан Алдоңғаров, Алматы қалалық ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Биыл да әдеттегідей 6 көлдегі судың деңгейі көтерілген. Олар үлкен Алматы, кіші Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінің бастау алатын орнында орналасқан. Тау басында 60-қа жуық қызметкер жұмыс істейді. Сорғызу жұмыстары сифондар арқылы жүзеге асады. Эвакуациялық канал тазаланып, көлдегі көп мөлшердегі суларды өзендерге қарай ағызамыз.

Ең қауіпті саналатын 6 көлдің біреуі осы. Мұнда бүгінде еріген мұздықтардың салдарынан 140 мың текше метр су жинақталған. Оны “Қазселденқорғау” мамандары 50 мың текше метрге дейін азайту керегін айтады. Әйтпесе көл арнасынан асса, сел жүруі қаупі жоғары.

Тау шатқалындағы қауіпті көлдерді күнделікті бақылауға 20 бекет қойылған. Олар осындағы жағдайды күніне 3 уақыт баяндап отырады. Одан бөлек, мұздықтар мен көлдердің жәй-күйін онлайн режимде видео және суретпен де көруге мүмкіндік бар дейді мамандар. Ол үшін былтыр 31 автоматтандырылған станция орнатылыпты.

Самат Дәуленқанов, «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласы бойынша филиалының бастығы:

- Бұл жерге біз сифон орнатамыз. Секундына 110 литр суды соратындай. Және де насостар қойылған. Бүкіл мына мұздықтардан жиналған судың барлығы бізде мынау таулы аймақтардағы ойшұңқырлардың барлығына жиналады. Мысалы бізде Ақсай өзенінде 418 мың текше метрге дейін куб жиналады. Оның ауыз суға ешқандай қатысы жоқ. Біз су арқылы ағызамыз. Ол төменгі Алматы қаласының өзендеріне қарай ағып түседі. Алматы қаласының өзендерінің деңгейінің көтерілмеуіне және көліміздің жарылып кетпеуіне де барлығына осылай өзіміз жұмыс атқарып, барлығын бірқалыпты бақылауымызда ұстап отырамыз.

Көлдердегі суды ағызу жұмыстары күзге дейін жалғасады. Яғни мұздықтардың еруі толық аяқталғанға дейін кезең-кезеңімен жүргізілмек.  Мамандар қазіргі таңда еш қауіп жоқ болғанымен, жағдай кез келген сәтте ушығып шыға келуі мүмкін екенін айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.