Қарағанды облысында дене жарақатын алғандар күрт көбейді
Қарағанды облысында соңғы 4 күнде 1700-ге жуық адам түрлі дене жарақатын алған. Оның 127-сі ауруханада жатыр. Бұл бұрын соңды болмаған көрсеткіш дейді дәрігерлер. Осылардың арасындағы 10 адам жарақатың ауырлығанын жарық дүниемен қош айтысыпты.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
11.07.2023
Қайтыс болғандардың екеуі 4 және 5 жастағы балалар. Бірі балконнан құласа, екіншісі жол апатында көз жұмған. Дәрігерлер мұндай ірі көрсеткіш өткен демалыс күндері жұрттың жаппай қыдыруға шығуынан болған дейді. Құлап, сүрінгендердің сыртында жол апаттарында зардап шеккендер қатары қалың. Жарақат алған 17 жасқа дейінгі балалардың дені велосипед, мопед сияқты көлік құралдарынан құлаған. Мотоциклге мініп ап өзі құлағанмен қоймай, кісі соққандар да бар. Мәселен Ақтоғай ауданында жасөспірім адам қағып өлтірген.
Ерік Шонбаев, Қарағанды облыстық травмотология орталығының бөлім меңгерушісі:
- Жарақат алғандарыдың 554–і кәмелет жасқа толмағандар. Көбі әр жерін жеңіл жарақаттаған. Ал 28 бала ауруханаға жатқызылды. Олардың қол аяқтары сынған, милары шайқалып, бұғана мен білек сүйектерін шығарғандар. Бір айта кететіні бұлар мопед, велосипедтен жол көлік апатына түскендер. Бұл ретте, ата аналардың балалардың жүрісіне бақылау жасау керектігіне назар аударғымыз келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!