{metadescription}
Алматыда тұрғындар тіршілік нәрін тасып ішеді
Алматыда тұрғындар тіршілік нәрін тасып ішеді

Алматыда тұрғындар тіршілік нәрін тасып ішеді

Жуынуға да жарамайтын лай суды ішуге мәжбүр. Алматыда Кеңсай шағын ауданының тұрғындары шу шығарды. Өйткені, жергілікті халық әлі күнге дейін суды тасып әлек. Ол аздай, бүтін бір ықшам аудан жарыққа да жарымай отыр. Салдарынан техникалары жиі күйіп кете береді екен.

Қолда 2 бөтелке. Белде белбеу. Жұмабай ақсақалдың бірнеше жылдан бері күнделікті өзімен алып шығатын заттары осы. Жасы 75-ке келсе де, бұлақтан су алу үшін өз аяғымен төбеден түсіп, төбеге көтеріледі екен.

Амал нешік? Үйінде жалғыз тұрады. Тіршілік нәрін таси бергеннен белі де қайысып, денсаулығы да сыр берген.

Жұмабай Тұрғынбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бір рет келемін. 10 литр аламын. 5 литріне дәрет аламын, 5 литрына шай ішемін. Ауыр. Биікке шыққанда 5 литрді қойып қойып шығарамын. Қайта түсіп, екіншісін апарамын. Тұзды су. Қатты терлесең үстіңдегі киіміңнің бәрі тұз болып шығады.

Расымен де, бұл су негізі ішуге жарамыз дейді. Сыртынан қарасаң лай. Бірақ, өзге шарасы жоқ қараша осы суға жуынады, әрі оны ішетін болған.

Ал, мұршасы келгендер, яғни көлігі барлар таза суды осы жерден алады. Бірақ, мұның өзі оңып тұрған жоқ. Қараңыздаршы, мынау барына ашылғаны. Жәй осылай сыздықтап ағады. Мына бір бөтелкені толтыру үшін бақандай жарты сағат уақытың кетеді екен.

Кеңсайлықтардың мұңы мұнымен бітпейді. Тіршілік нәрімен қоса, жарық мәселесі де күрделі. Бірде бар, бірде жоқ. Жаңбыр жауып, жел тұрса мүлде болмай қалады. Ал, қалыпты күні кернеуі аз. Кесірінен күйіп кеткен осындай техникалар әрбір үйде үйіліп жатыр.

Серік Момышев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мынау менің 4ші тоңазытқышым. Напрежение біресе көп, біресе аз болады. Тоңазытқыштар жиі күйіп кетеді. Қазір холодильник жұмыс істемей тұр. Жаздың күні. Тарифі 35 теңге. 28:25 Счетчикпен бөлек төлейміз. Үстінен тағы 500 теңге төлейміз. Бірақ, холодильник істемейді.

Әкімдіктегілер жарық мәселесін күзде 90 пайызға дейін шешеміз деп әңгімені әдемі бастағанымен, су мәселесіне тоқталып көңілді көншітті. Биыл тіршілік нәрін тек 2 көшеге ғана жүргізуді жоспарлапты. Ал, қалған саяжай бірлестігі таулы аймақта болғасын, қиын деп отыр.

Азат Кәкетаев, Медеу ауданы коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Магистралдық труба конечнаяға дейін барады. Соған дейін барады. Арасына 10 колонка қойылады. Ал, жоғарғы жақта садоводтар. Оларға жоспармен кірмегенше өздерінің суларымен отырады. 2425-ші жылдары проектированиемен кіреміз.

Жобамен кіру бір бөлек, тұрғын үйлерге ауыз суды кіргізу басқа әңгіме. Яғни, оның қашан іске асып, қай уақытта басталатыны белгісіз. Сайып келгенде, биыл ауыз су мәселесі толықтай шешілмейді деп отыр. Енді қарашаның тек күтуінен басқа амалы жоқ. Бастысы атқамінердің сөзі сылдыр суға айналып кетпей, тіршілік нәрі тезірек тартылса екен деп тілейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде