{metadescription}
Антикор мемлекеттік аудиторлардың былығын әшкереледі
Антикор мемлекеттік аудиторлардың былығын әшкереледі

Антикор мемлекеттік аудиторлардың былығын әшкереледі

Жемқорлардың қылмысын жасыру үшін ауызбастырық алып келген. Антикор мемлекеттік аудиторлардың былығын әшкереледі. Білім саласының қызметкерлері жымысқы әрекеттерін жария қылмасын деп ревизорлардың аузын ақшамен жауып келген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлағандай, аталған деректер Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында тіркелген. Жемқорлық схемасы бір-біріне ұқсас. Мәселен, Жетісу облысында бюджет қаражаты әлдеқашан марқұм болып кеткен адамдардың шотына аударылған және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп отырған. Кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қалталарына басқан. Тергеу барысында Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге пара алғаны әшкереленді. Сондай-ақ Түркістан облысында мемлекеттік ревизор облыстық тексеру комиссиясы бас инспекторының парақорлығы әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің біріне аудиторлық тексеріс жүргізіп, ондағы заңбұзушылықтарды жасырып қалғаны үшін 26 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Осыған ұқсас факт Алматы облысында анықталды. Онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданы білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 миллион теңге сомасында пара алған. Осы факті бойынша, Алматы облысы Антикор қызметі сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Сонымен қатар, Түркістан облысында мемлекеттік ревизор, тексеру комиссиясының бас инспекторы парақорлықпен әшкереленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде