{metadescription}
Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті
Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті

Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті

Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті. Ауыр жарақат алған науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер ес-түсін жоғалтқан баланы ажалдан арашалап қалу үшін қолдан келгенін жасауда.

Оқыс жағдай кеше мына көпқабатты үйде болған. Бала бесінші қабаттан құлап кеткенде ата-анасы да пәтерде болған екен. Бірақ қараусыз қалған бүлдіршіннің терезе алдына қалай шығып кеткені белгісіз. Қазір оны тәртіп сақшылары анықтап жатыр. Полицияның мәліметінше, шаһарда бүлдіршіндердің биіктен құлау дерегі жиілеген. Жыл басынан бері осымен алтыншы бала терезеден құлап кетіпті. Ал, дәрігерлер үш жасар ұлдың жағдайы өте ауыр екенін айтады. Сондықтан қандай да бір болжам айтуға болмайды дейді дәрігерлер.

Ербол Жапақов, Ана мен баланы қорғау орталығының бас дәрігері:

- Баланы жансақтау бөліміне көтердік. Диагнозы бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, гемопневмоторакс екі жағында, бауыры зақымдалған. Қазір баланың жағдайы өте ауыр. Оның демалысы ивл апаратымен болып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.