{metadescription}
Жылыжай жұмысшылары жалақысыз жүр
Жылыжай жұмысшылары жалақысыз жүр

Жылыжай жұмысшылары жалақысыз жүр

Қарағанды облысындағы Топар ауылындағы жылыжай жұмысшылары жалақысыз жүр. Айтуыларынша маңдай тер, табан ақыларын екі айдан бері көрмеген. Ал мекеме зейнетақы қоры мен міндетті медициналық сақтандыруға төлемдерді жыл басынан бері жасамапты. Салдарвнан не емханаға беттей алмай, несие рәсемдеуден де қалдық деп отыр жиналғандар.

Айнагүл Бармұхан «Топар» жылыжайының жұмысшысы:

- Мында жетіскенімізден жүргеніміз жоқ. Басымызда дұрыс үйіміз де жоқ. Қаншама кредитіміз бар. Требовать еткен үшін, ақшамызды, пенсионныйымызды, страховкамызды біз оларға ұнағанымыз жоқ. Жұмыстан кетіңдер депті бізге кеше.

Топардағы жылыжайларда жергілікті тұрғындардан 200 ден аса адам жұмыс істейді. Көбінің еңбек өтілі 20 жылға жуықтаған. Мынадай келеңсіздік алғаш болып отыр дейді. Айтуларынша 7 айдан бері не зейнет ақы, не медициналық сақтандыру төлемдерін көрмепті. Осыны айтып арызданса, басшылар кет деп жекиді дейді жиналғандар. Бірақ жылыжай директоры жұмысшылардың айтқандарының көбін жоққа шығарды. Яғни, зейнетақы қоры мен медициналық сақтандыруға жыл басынан бері төлемдер аударылып жатыр дейді. Тіпті емханаға барам дегендерге ақылы қабылдауға қаражат бөліп отыр екен. Сондай-ақ қиындықтар да жоқ емес, бірақ олар бірдіндеп шешіледі дейді жылыжай басшы.

Абдурауф Абдумавлонов «Топар жылыжайлары» ЖШС директоры:

- Мамыр мен тамыз айларында жылыжайлардағы жұмыс тұралайды. Өйткені жазда біздің өнімімізге сұраныс төмендейді. Мұндай жағдай осы саладағылардың бәрінде болады. Зейнетақы мен медициналық сақтандыруға қарыздарымыз бар. Бірақ бұл жыл басынан емес. Бұл жалған ақпарат. Жалақы кешіктірілген соңғы екі айға ғана қарызбыз. Бірақ оны осы аптада толық жабамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде