{metadescription}
Абай облысындағы өрт толық сөндірілді
Абай облысындағы өрт толық сөндірілді

Абай облысындағы өрт толық сөндірілді

Абай облысындағы алапат өрт толық сөндірілді. Алпыс мың гектар аумақты жалмаған жалынмен өрт сөндірушілер бір айдан астам уақыт арпалысты.

Семей орманындағы тілсіз жау 14 маусым күні оқшауланған. Бірақ осы күнге дейін бықсыған, қопсыған от ошақтары болыпты. Оны мамандар бір ай бойы бақылауға алып, шоқтанған ағаштарға су шашып, топырақ төккен. Бүгін «Семей Орманы» резерватының қызметкерлері өрттің толық сөнгенін мәлімдеді. Алайда, Бородулиха ауданындағы орман өртіне қатысты жарияланған төтенше жағдай режимі әлі сақталуда. Айта кетейік, 8 маусым күні тұтанған тілсіз жау қарағайлы орманды күлге айналдырып, 15 орманшының өмірін жалмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде