{metadescription}
Ақтөбелік шенеуніктер қоқыс полигонын көшіре алмай отыр
Ақтөбелік шенеуніктер қоқыс полигонын көшіре алмай отыр

Ақтөбелік шенеуніктер қоқыс полигонын көшіре алмай отыр

Ақтөбелік шенеуніктер қала іргесіндегі қоқыс полигонын көшіре алмай отыр. Әкімдік өрттен көз ашпайтын полигонды маусым айының басында жабамыз деген. Алайда одан бері бір ай өтсе де полигон қоқыс қабылдауды тоқтатпай, айналадығы тұрғындар бықсыған иістен тұншығып отыр. Жексенбі күні басталған өрт әлі сөндірілген жоқ.

Асанәлі Қайдаров «Табыс Актөбе» ЖШС директоры:

- Ыстықтан шықты ғой, ыстықтан шығып астынан газ метан пайда болып, жел мықты болып. Қазіргі уақыта тек құммен сеуіп ауыр техника бульдозер мен погрузчик тек жамау жұмыстары жүргізіледі қазір.

Тілсіз жау 800 шаршы метр жерді шарпыған. Өртті сөндіруге жауаптылар күні түні күш салып жатырмыз дейді. Бірақ тілшілер келгенде мұнда қоқыс таситын көліктерден өзге арнайы техника болған жоқ. Есесіне айналаны көк түтін басып қалған. Оған екі күн бойы жауып жатқан жаңбыр да көмектеспеді. Экологтар көк түтіннен ауа ластанып жатқанын айтады. Өйткені жыл басынан бері осы жерде 14 рет өрт шыққан. Шенеуніктер бір ай бұрын полигонды топырақпен көміп, жаңасын ашамыз деген. Бірақ оның құрлысын жүргізуге тендер әлі өтпеді. Қашан өтетінін де айта алмады. Ал экология департементі ескі полигонды сот шешімі арқылы жабуға бекініп отыр.

Меруерт Сейітжапарова Ақтөбе облыстық Экология департаментінің мемлекеттік экология инспекторы:

- Қазіргі уақытта департаментпен осы экологиялық талаптардың орындалмауы бойынша сонымен қатар өрттің жиілеп кетуіне байланысты "Табыс Ақтөбе" ЖШС қатысты экологиялық рұқсатты қайтып алу туралы сотқа арыз дайындалып жатыр. Сонымен қатар санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасына да хаттар жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.