{metadescription}
Алматыдағы бордюрді жылда жаңалаудың қажеті қанша?
Алматыдағы бордюрді жылда жаңалаудың қажеті қанша?

Алматыдағы бордюрді жылда жаңалаудың қажеті қанша?

Сыны кетпеген бордюрді жылда жаңалаудың қажеті қанша? Осылай деп ашынған алматылықтар қала әкімі Ерболат Досаевтан оның орнына шұрық тесік көшелерді жөндеуді сұрайды. Онымен қоса , қаланың күре тамыры саналатын - Әл-Фараби мен Абай даңғылдарын бір мезетте жауып, жөнімен тұрған жол жиектерін тағы да қопарып жатқаны халықтың қытығына тиюде. Ал мұны қала әкімі қауіпсіздік үшін қажет элементтің бірі деген желеу айтады.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- Құмды бордюрларды алып, түзетіп және ретке келтіріп қайта қоямыз. Қысқы уақытта жолдарды химикаттармен өңдейтінімізді, сондайақ тазалау жұмыстарын жүргізетінімізді ескерсек, олардың қызмет ету мерзімі 5 жылдан аспайды. Екінші түрі 10 жылдан 15 жылға дейін қызмет ететін граниттан жасалған бордюр. Әл-Фараби даңғылының бойында бордюрлердің 20-25 пайызына дейін ауыстырамыз деп жоспарлағанбыз.

Алайда шаһар басшысының жоспары толық жүзеге аспапты. Небәрі жол жиектерінің 3-5 пайызы ғана ауыстырылады екен. Қалғаны түзетіліп, орнына қайта қойылады. Осылайша қала тұрғындарының сұрағын асығыс тыңдап, тоқтатып тастайтын қала әкімі бұл жолы да кездесуін –«Шешемізбен» аяқтады. Орынбасарлары аудандағы аталған проблеманы жиын соңына қалдырып, барып көруге ниеттенді. Тұрғындарды қазір үйлері мен аулаларына қатысты жеке мәселеден бөлек, екі үлкен даңғылдағы көлік қозғалысының тоқтауы қатты алаңдатып отыр. Өйткені жаз бойы негізгі көшелердің жабық тұруынан қала ішінде жұрттың жүріп-тұруы мен діттеген жерге жетуі қиындай түсуде. Одан бөлек такси бағасы да аспандап тұр. Бұл үшін Ерболат Досаев көпшіліктен кешірім сұрап әлек. Айтуынша, қос көше 10 жылдан аса жөндеу көрмепті. Қазір мәселені реттемесе, қыста жол қозғалысы қиындай түседі деп сендірді.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- ӘлФараби көшесі 2010 жылдан бері, Абай көшесі 2012 жылдан бері жөндеу көрмеген. Кәдімгі күрделі жөндеу циклі бес жылдан, кейде жеті жылға дейін. Біз екі күрделі жөндеу кезеңін өткізіп алдық. Ескертулерімізді ескеріп, айналма жолмен жүріп, көмектескен барлық тұрғындарға алғысымды білдіремін. Кеше алғашқы мүмкіндік түскен бойда біз Сырғабековтен Есентай көпіріне дейінгі кері қозғалысты ашып, негізгі жүктемені алып тастадық. Біз әл-Фарабидің оңтүстік жағын жөндеу кезінде сабақ алдық және осы тәжірибені солтүстік бөлігінде де ескеретін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.