Ақтөбеде велосипед ұрлығы өршіп барады
Ақтөбеде велосипед ұрлығы өршіп барады. Жыл басынан бері 100 шақтысы қолды болыпты. Онда да жәйі емес, қымбаттары ұрланады екен. Оларды күзет те, бейнебақылау камералары да тоқтатар емес. Ең өкініштісі сол қолды болған дүниенің тыбылуы некен саяқ.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
13.07.2023
Ұрыларға жем болғандар полицияға арыз жазғанымен нәтиже жоқ. Сондықтан тұрғындар жоғалғанды өз күштерімен іздеп жатыр. Ұрлық болған жердегі бейнебақылау камерасына түскенді әлеуметік желілерге таратады. Бірақ камераны қаперіне ілмей, көпе көрнеу әрекетке көшкен ұрылар жұрттың жағасын ұстатып отыр. Олар күзеті бар тұрақ, тіпті подьездерде тұрған велосипедтерді әкетеді екен. Мәселен мына 46 жастағы ұры сияқты кейбірі бетін көлегейлейді. Ал мына кадрлерде баукеспе аулада ашықтан ашық жүріп ұрлайтын велосипед таңдап жүр. Полицелер ұрыны табу қиын емес, бірақ ұрланған дүниені қайтару мүмкін бола бермейтінін айтады.
Жандос Нагин Ақтобе облыстық ПД криминалдық полиция қызметкері:
- Белгісіз тұлғаға сатылып кетуіне байланысты. Велосипедтерді іздеген кезде көбінесе велосипед ұрлықтары түнгі мезгілде және жәбірленушіермен және оның балаларымен кәмелетке толмаған ойын алаңдарына қараусыз тастап кетуіне байланысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!