{metadescription}
«Басқа вариант жоқ» фильмі көрермендерге жол тартты
«Басқа вариант жоқ» фильмі көрермендерге жол тартты

«Басқа вариант жоқ» фильмі көрермендерге жол тартты

«Басқа вариант жоқ». Отандық кинонарық тағы бір комедиямен толықты. Осыдан бірнеше ай бұрын алғашқы фильмін таспалаған әнші Бағлан Әбдірайымов кезекті комедия жанрындағы картинамен көрерменді қуантпақшы. Аталмыш туынды ешқандай қаражатсыз биікке жетуге болатынын көрсетеді. Әзіл-қалжыңға толы фильмді бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көре аласыздар.

Әнші, әрі соңғы уақытта кинопродюсер ретінде таныла бастаған Бағлан Әбдірайымовтың кезекті картинасына тағы өмірден алынған оқиға арқау болыпты. Фильм сюжеті қазіргі заманда басты құндылықтардың бірі саналатын - ақша төңірегінде өрбиді. Бірақ адамның арман-мақсаты, көк қағаздан да жоғары екені көрсетіледі. Тіпті, продюсердің айтуынша фильмді түсірер кезде қаражат таппай қиналыпты. Сонда да «басқа вариант жоқ» деп нар тәуекелге барған.

Бағлан Әбдірайымов, продюсер:

- Бас продюсер болғанан кейін біз кішкене ақшадан қиналдық. Бірақ киноның атауы болғандықтан. Мысалы бірінші апрель күні бізде мотор болса. Бізде бюджетте ақша болмады. Бірақ бүкіл команда қарап отырды. Отмен жасаймыз ба, басқа күнге ауыстырамыз ба деген кезде. Біз киномызды түсіреміз бізде басқа вариант жоқ тек ғана алға деп біз жұмысымызды тоқтақан жоқпыз.

Фильмде басты кейіпкер таныла алмай жүрген жас режиссер Очоу. Бір күні оған беделді азамматтан қыруар ақшаға кино түсіріп беруге ұсыныс түседі. Сөйтіп келісімге келіп, жанындағы алаңғасар досы екеуі берілген соманы жоғалытып алады. Олардың ендігі миссиясы – фильмді ақшасыз түсіру.

Рауан Рамазанұлы, актер:

- Мен басты кейіпкердің досын сомдаймын. Бізге фильм түсіруге ұсыныс түседі. Киноның ішінде кино түсірілетін комедия. Алайда біз тапсырыс беруші төлеген ақшаны жоғалтып аламыз. Осыдан кейін бүкіл қызық басталады.

Фильм Алматы қаласында жарты ай ішінде түсірілген. Картина режиссері Талғат Жаныбеков жаңа бағыттағы экспериментерді қосу арқылы түсіргендерін айтты.

Талғат Жаныбеков, Режиссер:

- Бұл эксперименталды фильм. Мен оны комедия жанрындағы деректі авторлық фильм ретінде түсірдім. Соған сәйкес, бізде көптеген импровизациялар, көптеген деректі хроникалар қсылды. Сол себепті мен оны эксперименталды фильм деп атаймын.

Қаражатсыз фильм түсіру мүмкін бе? Бұл сұрақтың жауабын бүгіннен бастап көрерменге жол тартатын шытырманға толы «Басқа вариант жоқ » атты отандық комедиядан біле аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде