{metadescription}
Апаттан кейін сөгіс алды
Апаттан кейін сөгіс алды

Апаттан кейін сөгіс алды

«ҚазМұнайГаз» басшысы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке президент сөгіс жарияланды. Бұған Маңғыстау атом энергетика комбинаты мен Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апаттар себеп болған. Мемлекет басшысының қабылдауында болған премьер-министр Әлихан Смайылов батыстағы энергетика жүйесінде бірқатар олқылықтардың барын жеткізді.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Энергетика министрлігі мен «KEGOC», «МАЭК» және «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі компаниясындағы лауазымды тұлғалары жауапсыз қалмайтынын айтты. Әлихан Смайылов болашақта мұндай апаттарға жол бермеу үшін МАЭК-те күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, әбден тозған құрал-жабдықтарды жаңарту, батыс аймағының электр желісін күшейту, Атырау мұнай өңдеу зауытын сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және жаңа станция салу көзделгенін атап өтті. Еске салсақ, МАЭК-тегі №1 энергоблоктың жұмысы 3 шілдеде тоқтап, Маңғыстау және Атырау өңіріндегі елді мекендер мен өнеркәсіп нысандары жарықсыз қалған болатын. Тіпті энергия тапшылығынан Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының жұмысы да уақытша тоқтаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде