{metadescription}
Тергеу: «Екібастұздағы апатқа ЖЭО-ның экс-басшысы кінәлі»
Тергеу: «Екібастұздағы апатқа ЖЭО-ның экс-басшысы кінәлі»

Тергеу: «Екібастұздағы апатқа ЖЭО-ның экс-басшысы кінәлі»

Екібастұз Жылу электр орталығының экс-басшысы сот алдында жауап беріп жатыр. Павел Мельничукке "Міндеттеріне сенімсіздік таныту" бабы бойынша айып тағылған. Тергеудің мәліметінше, ол былтыр қақаған қыста болған апаттың алдын алмай, жауапсыздық танытқан. Соның салдарынан қала жұрты жарты ай бойы жылусыз және ыстық сусыз бүрсең қағып отырған еді.

Айыпталушылар орындығында «Екібастұзтеплоэнерго» серіктестігінің бұрынғы бас директорынан бөлек, "ЭТЭЦ" бөлімшесінің басшысы Виктор Вебер мен "Екібастұз жылу желілері" мекемесінің басшысы Евгений Горват та бар. Сотқа жәбірленуші тарап ретінде 59 тұрғын қатысты. Оларға компания 70 мыңнан 7 миллион теңгеге дейін шығын келтірген. Айыптау актісіне сәйкес, Екібастұз Жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары он жылдан астам уақыт жүргізілмеген. Станциядағы құрал-жабдықтар ескіріп, желілер шіріп кеткен. Ал, «Екібастұзтеплоэнергоның» басшысы Павел Мельничук мұның барлығы біле тұра қысқы маусымға дайынбыз деп құжаттарға қол қойыпты. Сондай-ақ, сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, өрт қауіпсіздігі мен электрэнергетика жүйесінде де талай олқылық табылды. Еске салсақ, былтыр қараша айында Екібастұз халқы жарты ай бойы қақаған қыста жылусыз және ыстық сусыз отырған болатын. Сол кезде төтенше жағдай жарияланып, коммуналшылар әрең дегенде қаланы мұз құрсауынан шығарған.

Дамир Апеков, мемлекеттік айыптаушы:

- ЖЭО желілерінің 87% тозған. Құрылыстехникалық және энергетикалық-технологиялық сараптамалардың, сондай-ақ металдар мен қорытпаларды зерттеудің нәтижелері бойынша, құбырлардың толықтай ескіргені, қазандық және су жылыту цехтарының апатты жай-күйі, басшылық пен жедел қызметкерлердің дұрыс жұмыс істемегені анықталды. Соның салдарынан үлкен апатқа әкеліп соқтырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде