{metadescription}
Ақтөбеде жүк көліктері жаппай тексеріліп жатыр
Ақтөбеде жүк көліктері жаппай тексеріліп жатыр

Ақтөбеде жүк көліктері жаппай тексеріліп жатыр

Ақтөбе облысында жүк көліктері жаппай тексеріліп жатыр. Себебі шамадан тыс жүк тиеген ауыр техникалар жолды талқандайды дейді мамандар. Сондықтан көліктік бақылау инспекциясы арнайы рейд ұйымдастырып, артық салмақ тиеген жүргізушілерге айыппұл салуда.

Қазір Самара-Шымкент, Ақтөбе- Хромтау бағытындағы тас жол қатаң бақылауға алынды. Өйткені, бұл күре жолдарда шамадан тыс жүк тиеп алып жүйіткйтін көліктердің қатары көбейген. Себебі жақын маңда инерттік материалдар мен құм-тас шығаратын карьерлер орналасқан. Содан шамадан тыс жүк тиеп шыққан ауыр техника жолдарды талқандап жатыр екен. Салдарынан мұнда жол көлік оқиғалары көбейген. Осыған орай, мамандар қалаға кіріп-шығатын жүк көліктерін жаппай тексере бастады. Яғни, ауыр техникаларды тоқтатып, арнайы таразыға тартып, салмағын өлшеуде.

Мейрамбек Базаров, Ақтөбе облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының бас маманы:

- Мәселен, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде, салмақ және өлшем параметрін бұзған тасымалдаушыларға қатысты 25 млн теңгеден астам сомаға, 150 әкімшілік айыппұл салынды. Бұған қоса осы кезеңде, ауыр салмақты және ірі көлемді жүріп өтуіне 111 млн астам сомаға рұқсат берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.