{metadescription}
Алматыда аптап ыстық бойынша рекорд жаңарды
Алматыда аптап ыстық бойынша рекорд жаңарды

Алматыда аптап ыстық бойынша рекорд жаңарды

Алматыда аптап ыстық бойынша рекорд жаңарды. Осыдан 40 жыл бұрынғы қапырық ауа-райы қайта келіп, температура +42 градусқа бір-ақ жетті. Мұндай мәліметті ұсынған «Қазгидромет» мамандары алдағы күндері елімізде аптап әлі де сақталатынын айтып отыр. Әсіресе, қан қысымы жоғары, жүрек, қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарды сақ болуға шақырады.

Аңқаны кепкен аптап Алматы тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Қазір шаһарда сынап бағанасы 40 градустан төмен түсер емес. Күн ысығалы әсіресе жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысы екі есе артыпты. Яғни минут сайын қан қысымымен шағым айтқан жұртшылықтан қоңыраулар көптеп түсіп жатыр екен. Ақ халаттылар әсіресе егде жастағы адамдар мен спортшыларға ыстық басылғанша, күн көзіне шықпауды ескертеді.

Ербол Қожабеков, Ақпараттық жедел диспетчерлік бөлімінің меңгерушісі:

- Күннің ыстығына, ысуына байланысты қан қысымымен ауыратын науқастардың шақыртулары көбейіп жатыр. Созылмалы ауруы бар адамдар, жүрек ауруымен ауыратын, артериялық қан қысымы бар адамдар күндізгі уақытта сыртқа шықпауға кеңес береміз. Сағат 11ден кешкі 5-ке дейін сыртқа қажеттілік болмаса шықпау керек. Күндізгі уақытта спорттық жаттығулар жасауға кеңес берілмейді.

Бұдан бөлек, жедел жәрдем орталығына кешелі бері басынан күн өтіп, денесін күйік шалған он шақты адам хабарласыпты. Айтуларынша дәл қазіргі шіліңгір шілдеде күннен қорғануға көлеңкенің саясы да көмектеспей жатыр екен. Соған қарамастан қызық қуған жастар қаладағы су бұрқақтарды жағалап жүр.

Әсия Ешмұратова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бүгін бізде сьемка болып жатыр. Сондықтан фонтанға аяғымызды салып, кішкене жүруге шештік. Үйде отырамыз көбінесе. Осындай күндізгі кездерде. Көшеге шығатын болсақ тек қана кешкі кездерде ғана шығамыз. Күн басылып, уже кешкі салқын басталған кезде. Ал жұмыста, үйде де кондиционер астында отыруға тырысамыз.

«Қазгидромет» мамандарының болжауынша алдағы күндері аймақтарда да аптап сақталады. Әсіресе 18-19 шілде күндері солтүстік орталықта сынап бағаны +41+45 градусқа дейін көтерілмек. Алматы мен Алматы облысында да ауа-райы +40-тан +42 градусқа дейін қапырық болады.

Дәулет Кисебаев, «Қазгидромет» филиалының Алматы және Алматы облысы бойынша жетекші инженер-синоптигі:

- Бүгін аптап ыстық бойынша Алматыда шағын рекорд орнады десек болады. Мұндай аптап соңғы рет 1983 1984 жылы болған. Яғни сынап бағаны бүгін күндізгі 3-тің кезінде де сол жылдардағыдай +38-ден +40 градусқа дейін жетті. Күннің ыстығы алдағы уақытта да сақталады. Түнде термометр 20-25 градус , күндіз 35-38 градусты көрсетпек. Яғни әзірге қапырықтың беті қайтпайды.

Дәрігерлер осындай аптап ыстықта түскі 12 мен кешкі 5-ке дейінгі уақытта үйден шықпаған абзал деп отыр. Сондай-ақ, суды тәуліктік мөлшерден көбірек ішіп, ашық түсті, жабық киімдер киюге кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.