Қарағанды облысындағы түрмелер кәсіпкерлерге есігін айқара ашуы мүмкін
Қарағанды облысындағы түрмелер кәсіпкерлерге есігін айқара ашуы мүмкін. Олардан бизнес идея болса, колониялар тәртіпті жұмыс күші мен тегін өндіріс ғимараттарын ұсынады. Темір торда өндіріс орындарын ашу туралы қанатқақты жобаны мәжіліс депутаттары көтеріп жатыр. Егер бәрі сәтті болса колонияларға темір жол торабын тартып беру де қарастырылмақшы.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
14.07.2023
Қарағанды облысындағы колонияларда өндіріс орындары жоқ емес, бар. Бірақ олар шағын және тапсырыстары да ауқымды емес. Мәселен Қарабастағы түрмеде үстел, орындықтарды жасайтын цехте саусақпен санарлық сотталушы жұмыс істейді. Тігін цехінде де бірлі жарым адам жүр. Қараған елді мекеніндегі колониядағы жағдай да осы шамалас. Тапсырыс түссе темірден ою өрнек өріп беруге дайын цех қазір жұмыссыз тұр. Дәл қазір кез-келген кәсіпкер түрмелерге келіп жұмыс істеуіне кедергі көп. Жоба жетекшілерінің айтуынша жалпы жазасын өтеушілердің 10 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Қалғаны бос. Ғимаратты тегін беріп, арзан жұмыс күші іске жараса құда да құдағи риза болады дейді олар. Депутаттар жобаны жүргізу үшін алдымен кедергілерді анықтап, жан жақты сараланған заң қабылдаймыз дейді.
Гүлнар Бижанова Мәжіліс депутаты:
- Бұл жерде кәсіпкер ғимаратты жалдау ақысын төлемейді. Жұмыс күші жетіп артылады. Бизнестің дамуына әсер етпей қоймайтын жағдай, ұрлық қарлық болмайды. Еңбек тәртібі қатаң сақталады. Екі қолға күрек таппай уақытын өткізе алмай жүргендер үшін еңбек ету тиімді. Жалақысы қарыздарын жабуға, қала берді отбасына көмекке жарайды. Жоба іске асу үшін арнайы заң қабылдауға дейін бармыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!