{metadescription}
Түркістан облысындағы жол апатынан 10 адам ажал құшты
Түркістан облысындағы жол апатынан 10 адам ажал құшты

Түркістан облысындағы жол апатынан 10 адам ажал құшты

Түркістан облысында жантүршіктірерлік жол апаты 10 адамның өмірін жалмады. Бәйдібек ауданында жоғары жылдамдықпен келе жатқан үш көлік соқтығысып, 9 адам тірідей өртеніп кеткен. Тағы бір ауыр жараланған науқас ота үстінде көз жұмды. Тірі қалған 14 адам қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Он адамның өмірін жалмаған жол апатына кімнің кінәлі екенін жол сақшылары анықтап жатыр.

Ірі жол апаты Бәйдібек ауданындағы Екпінді мен Шаян ауылдарының арасындағы жолда таңғы сағат 9-да болған. Қос көлік қана сиятын тар жолда Ниссан жеңіл көлігі қарсы бағытқа шығып, Созақ ауданынан келе жатқан жолаушылар толы шағын автобуспен бетпе-бет соғылған. Оларға арт жақта келе жатқан тағы бір Тойота соқтығысып, үш көлік те сол мезетте отқа ораныпты.

Өрт сөндірушілер жетем дегенше автокөліктердің күлі ғана қалды. Сұмдығы сол 9 адам лаулаған техниканың ішінен шыға алмай қалған. Тірі қалған 15 жолаушы іргедегі Шаян ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді. Есін енді жиған 20 жасар Алуа Созақ ауданынан Шымкентке әке-шешесімен қыдырып шыққанын айтады.

Алуа Байділдәқызы, Созақ ауданының тұрғыны:

- Қатты жылдамдықта келе жатып ойнақтады, жол бойы. Сосын қарамақарсы көлік келіп қалды да сол авария болды. Бірінші спринтерден шықты, сосын барып жеңіл көлікке тиді. –Үшеуі де өртенді ма?-Иә. Жеңіл көлікте адам болған. Адаммен бірге өртеніп кетті, көз алдымда, иә. + Бүйтіп аударылған кезде терезеден шығып кеттім. Екі рет пе аударылды. –Қасыңдағы адамдар шығып үлгерді ме? -Көбісі шыға алмады.

Ауруханаға жеткізілгендердің басым көпшілігі Созақ ауданының тұрғындары екен. Таңертеңнен бері облыстан санавиациямен алдырылған 11 маман науқастарға ота жасап жатыр. Көп қан жоғалтқан 49 жастағы тұрғын операция кезінде көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы бірі өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан 5 адамның төртеуі 6 мен 11 жас аралығындағы балалар.

Бексұлтан Рысбеков, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Жарақаттардың барлығы негізінде бас мидың жабық жарақатары, сүйектердің сынуы, сосын кеуде клеткасына және іш құрылысының жабық соққы жарақаттары.

Жол апаты болған аумаққа қазір ешкім жіберілмейді. Полицейлер жолды жауып, өзге көліктерді кері қайтарып жатыр.

Жол апаты орын алған соң Екпінді мен Шаян ауылдарының ортасындағы облыстық маңызы бар жолдың 7 шақырымы жабылды. Қазір мұнда облыс пен ауданнан келген анықтаушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бұл жолмен әзірге ешкім жүре алмайды.

Тілші. Ал, оқиға орнында жұмыс істеп жатқан полицейлер тиісті сараптаманы енді тағайындағанымен, қазірдің өзінде апатқа кімнің кінәлі екенін айтып жатыр.

Бағланбек Айтпаев, Түркістан облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Алдын ала анықтаған себебі Ниссан Х трейл автокөлігі қарсы бағытқа шығып, Фольксвагене автокөлігімен соғысқан.

Қазір, он адамның өмірін жалмаған жол апаты бойынша бір баппен қылмыстық іс қозғалды. Ал, мерт болғандардың көпшілігі әлі жерленбейді. Себебі, өртеніп кеткен олардың аты-жөні мен түр тұлғасы анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.