{metadescription}
Айыпталушы: «Маған заңсыз айып тағылды»
Айыпталушы: «Маған заңсыз айып тағылды»

Айыпталушы: «Маған заңсыз айып тағылды»

Тағылған айыппен мүлдем келіспейді! Алматыда екі автобустың қатысуымен болған күздегі жол апатына қатысты сотта айыпталушы соңғы сөзін айтты. Атышулы істе жалғыз өзі күдікті атанған-98-ші қоғамдық көліктің жүргізушісі Абдул-Хади Әбсадықов қайғылы оқиғаға екінші автобустың тізгінінде болған азаматтың да кінәсі бар деп отыр.

Абдул-Хади Әбсадықов, айыпталушы:

- №201 автобус көлігінің салонындағы видеоны қарау барысында автобус жүргізушісі Абдуллаев Азатжанның жоғары қауіп туғызатын қоғамдық көлік басқаруда немқұрайлықпен қауіпсіздікке көз жеткізбей жүрісін жалғастырып, жолкөлік оқиғасын жасағанын көруге болады. Исаханов Мұхитті басып өлтірген Абдуллаев Азатжан екені фото-суреттер мен бейнежазбадан анық көруге болады.Тергеу бір жақты жүріп, заңсыз маған айып тақты.

Алайда, бұл жүргізуші істе тек куәгер ретінде жауап берген. Төрт айға созылған соттың бүгін жарыссөзі өтті. Прокурор судьядан Абдул-Хади Әбсадықовты екі жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал, жанүршігерлік жол апатынан көз жұмған Мұхит Исахановтың туыстары айыпталушы тарапқа ешқандай арыз-шағым жоқ екенін жеткізді. Сот тағайындаған сараптаманың қорытындысы бойынша 201-ші қоғамдық көлік жүргізушісінің апаттың алдын алуға ешқандай мүмкіндігі болмапты. Еске салсақ, бейнебақылау камерасына іліккен қайғылы оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Қаланың қақ ортасында қос автобус соқтығысып, 37 жастағы жігіт оқиға орнында тіл тартпай кеткен еді. Марқұм автобустар түйіскен сәтте салоннан сыртқа құлап, оны қоғамдық көліктің бірі басып өткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде