{metadescription}
Жамбыл облысында жеті жүк вагоны рельстен шығып кетті
Жамбыл облысында жеті жүк вагоны рельстен шығып кетті

Жамбыл облысында жеті жүк вагоны рельстен шығып кетті

Тағы да апат! Бұл жолы Жамбыл облысындағы Аспара станциясында 7 жүк вагоны рельстен шығып кетіп, өзге пойыздардың да қозғалысына кесірін тигізді. Салдарынан 12 бағытқа бет алған пойыздар тоқтатылып, жолаушылар діттеген жерлеріне 3-4 сағатқа кешігіп жетіп жатыр.

«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

- Ташкент – Алматы, Сарыағаш – Алматы, Ақтөбе – Алматы, Атырау – Алматы, Қызылорда – Семей, Түркістан – Павлодар, Алматы – Маңғыстау, Астана – Шымкент, Алматы – Орал, Алматы – Саратов, Алматы – Ақтөбе, Алматы – Маңғыстау бағыттары бойынша пойыздар шамамен 34 сағатқа кешігіп жетуде. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын күту кезеңінде пойыз жолаушылары тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта Түрксіб – Шу учаскесінің Аспара станциясында пойыздардың қозғалысы қайта жанданды.

Оқиға сағат түнгі 1-ден асқанда болған. Алдын ала болжам бойынша апатқа жүк пойыздарының жылдамдықты асыруы себеп болуы мүмкін. Соның салдарынан 2 электровоз бен 1 тепловоз және жүк тиелген 4 вагон шойын жолдан шығып кетіпті. Жолаушылар да соңғы уақытта еліміздің әр аймағына жүк тасымалдайтын пойыздардың рельстен шығып кетіп, теміржол қозғалысын қиындатып жатқанына шағымдануда. Жыл басынан бері дәл осындай онға жуық жағдай тіркеліп отыр. Кешегі апат бойынша құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда жолынан кешіккен барлық пойыздағы адамдар мына аптап ыстықта ауыз сумен қамтамасыз етіліпті. Апаттың себебін анықтау үшін қазір оқиға орнында арнайы комиссия тексеріс жүргізуде.

Ералы Ақылбеков, Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қалпына келтіру жұмыстарына ҚТЖ ұлттық компаниясынан 100 адам және қалпына келтіру пойызы, төтенше жағдай департаментінен 6 техника, 11 адам және апаттар медициналық орталығынан 3 техника, 6 адам қазір жұмыстар атқаруда. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде