Әл-Фараби мен Абай даңғылдарында жөндеу жұмыстары 1,5 айға жалғасады
Алматылықтар ала жаздай кептелестен көз ашпайтын болды. Қаладағы ең ірі -Әл-Фараби мен Абай даңғылдарында жөндеу жұмыстары 1 жарым ай жүрмек. Шенділер жаңа оқу жылы басталғанға дейін бүкіл жұмысты аяқтауды жоспарлап отыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
17.07.2023
Қазір жол жабындысының тек 50 пайызы ғана жаңартылған. Әлі Әл-Фарабидің 9 шақырымнан астамы, Абайдың 6 жарым шақырымы жөнделеді екен. Аталмыш жұмыстар басталғалы шаһардың кептелістен көз ашпай, жұрт сағаттап кептелісте тұрғаны жасырын емес. Атқамінерлер мұны тікелей жаңа технологиямен байланыстырып отыр. Яғни, асфальттің толыққанды кеуіп, жарамды болуына айтарлықтай уақыт керек дейді. Айта кеткен жөн, қазір жабық тұрған Батыс Желтоқсан көшесі мен Шығыс айналма арасындағы жол ертеңнен бастап ашылады.
Нұрзат Ордабаев, Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасының көше-жол торабын дамыту бөлімінің басшысы:
- 24 сағаттан 72 сағатқа дейін жолды жабу керек. Үстімен жүрмеу керек деген ұсыныс беріп жатыр. Оны сақтау үшін қаладағы кептелістен кейін ең кіші 24 сағат кіргізбей жатырмыз. Өйткені, өзінің прочность, твердость, экспулатационный качествасын набирать ету үшін. Амал жоқтан көшелерді жауып тастап жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!