{metadescription}
Астанада ерекше балаларды ұрып-соққан тәрбиеші ісі сотта қарала бастады
Астанада ерекше балаларды ұрып-соққан тәрбиеші ісі сотта қарала бастады

Астанада ерекше балаларды ұрып-соққан тәрбиеші ісі сотта қарала бастады

Астанада емдеу орталығында ерекше балаларды ұрып-соққан тәрбиеші ісіне қатысты сот отырысы басталды. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында мемлекеттік тапсырыс алып отырған мекемеде ДЦП, психикалық дамуында ауытқуы бар баларды ұрып, аузына күштеп тамақ тыққан бейнежазба жұрттың жағасын ұстатқан еді. "Балам-ай" орталығындағы сұмдық жайт еліміздегі бүкіл емдеу-сауықтыру орталығында кезектен тыс тексеріс жүргізуге түрткі болған.

«Балам-ай» оңалту орталығында денсаулығында кінәраты бар 3 жеткіншек сондағы қызметкерлерден жәбір көріпті. Алайда алғашқы сот отырысына тек бір баланың анасы қатысты. Енді бірі осы жағдайдан кейін баласын Қытайда емдетіп жатқан көрінеді. Үшіншісі болса, келесі сот отырысына келуге міндеттелді. Жәбірленушінің барлығынан түсініктеме алынбайынша, шешім шықпайды. Айыпталушы орындығындағы инклюзивті орталықтың бұрынғы қызметкері судьядан аты-жөнін жасырып, түрін көрсетпеуді өтінді. Себебі қазірдің өзінде оны айыптап, қоғамда қысым көрсетіп жатқандар бар. Сондай-ақ, ол өзіне тағылып жатқан айыппен келіспей, кінәсін мойындамай отыр. Жәбірленуші тарап, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға тәрбиеші етіп, мүгедектігі бар адамды жұмысқа алған орталықтың басшысын да жауапкершілікке тартуды көздеп отыр. Айтуларынша, айыпталушының күйеуі де сонда тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Бірнеше ай бойы қорлық көрген баланың анасы күдікті тіпті кешірім де сұрамағанын айтады.

Галина Николаева, жәбірленуші:

- Бұл жантүршігерлік жағдай белгілі болғанда бірдебір рет кешірім сұрамады. Іс сотқа жолданғанда ғана жазбаша кешірім сұрады.

Аржан Сәдуақас, заңгер:

- Бұл жерде бас бостандығы 5 жылға дейін көрсетілген және айыппұл да көрсетілген. Біз сұрап жатқанымыз әрине бас бостандығынан айыру. Бірақ оны сот шешеді немесе айыппұл да салынуы мүмкін. Себебі қазіргі таңда біз көрдік, ол айыпталушының өзінде 2 инвалид бала бар кәмелеттік жасқа толмаған. Сол себептен болашақта ол да соттың шешімімен жаза тағайындаған кезде ол да әсерін өзінің тигізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.