{metadescription}
Павлодар облысындағы орман өрті ауыздықталды
Павлодар облысындағы орман өрті ауыздықталды

Павлодар облысындағы орман өрті ауыздықталды

Павлодар облысындағы орман өрті ауыздықталды. Бірақ мамандар тісіз жауды толық сөндіру үшін әлі де жанталасып жатыр.

«Ертіс орманы» резерватындағы өрт бірнеше жерден тұтанған. Жалын алдымен «Степное» орман шаруашылығынан басталып, екіпніді желдің әсерінен жан-жаққа тез таралған. Тіпті Ресейдің Алтай өлкесіне қарай бағыт алды дейді құтқарушылар. Дереу жедел штаб құрылып, тілсіз жауды ауыздықтауға 100-ден астам техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды. Олар күндіз- түні жанталасып, ірі өрт ошақтарын 24 сағаттың ішінде оқшаулағанын айтады. Болжам бойынша, қарағайлы орманға найзағай түскен. Қазір мамандар бықсыған жерлерге су шашып, топырақ төгуде.

Руслан Төлепбаев, Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:

- Қазіргі таңда жұмылдырылған күштер жанжаққа қайтып жатыр. Орман өрті ауыздықталғанымен «Ертіс Орманы» қызметкерлерімен тәулік бойы бақылау жұмыстары жүргізілетін болады. Жалпы орман өртінің аумағы 700-800 гектер деп болжап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде