{metadescription}
Тұрғындар: «Мадрид -1» тұрғын үй кешенінде проблема көп
Тұрғындар: «Мадрид -1» тұрғын үй кешенінде проблема көп

Тұрғындар: «Мадрид -1» тұрғын үй кешенінде проблема көп

Үйімізге егеуқұйрық қаптап кетті. Астанадағы «Мадрид -1» тұрғын үй кешені былтыр пайдалануға берілгенімен, тұрғындардың шағымы күн сайын көбеймесе, азаймай тұр. Қақаған қыста жылусыз қалған олар, жаз мезгілінде жаңа бір проблемамен бет-бет келуде. Жауапты мердігер «Джи парк» «Астана» Аймақтық Электр Желісі Компаниясымен тұрақты келісімшартқа отырмағандықтан, «мадридтің» тұрғындары таяуда жарықсыз қалуы мүмкін. Ал кеміргіштердің қаптауы - көктемде жертөлеге су толудың салдары. Жұрттың баспаналары бас қайғы боп жатқанда, құрылыс компаниясының директоры әлеуметтік желіде ас даярлаумен миллондаған оқырманын тәнті қылумен әуре.

Тірнектеп тапқан таянғанын баспанаға салады... Үйлерінің кілтін кешіктіріп алады... Енді міне, бүгін-ертең жарықсыз қалады...Астанадағы «Мадрид 1» тұрғын үй кешені былтыр шілде айында қолданысқа берілген. Жауапты мердігер атышулы "Джи парк" компаниясы. Орталық жылу желісіне уақытылы қосылмағандықтан мұндағы тұрғындар қақаған қыста жылусыз отырды. Көктемде жертөле қабатында тізеден су кешті. Салдарынан үйлеріне егеуқұйрық қаптап кеткен. Енді міне, жазда жаңадан тағы бір проблеманың шеті шықты.

Ботагөз Смайылова, Астана қаласының тұрғыны:

- Астана РЭК коммерческий помещенияларды светтен өшіре бастады. Таңертеңнен бастады. Не себепті? Себеп біреу ғана. Джи парк гарантированный письмо жазып берген алдыңғы аптада. Что 15-не дейін олар договор составлять етеді деген. Проблема кімде? Проблема джи паркта. Міне қазақ голдтан келді, письмо. Что бізді теплотрассадан өшіреді. Не себепті? Джи парк қазақ голдқа қарыз ақшасын бермеген. Неге канализация су арнасына өткізілмеген? От них үш күн ешкім келген жоқ. Келеді, бастарын қасиды да кетеді.

Өз баспаналарында тыныш өмірді ұмытқан тұрғындар мердігер компаниядан мардымды жауап ала алмай әлек. «Біздің тарапымыздан ешқандайда кінә жоқ. Түймедейді түйедей етесіңдер» деп келеке қылғаннан басқа, іс жүзінде көмек көрмедік деп жанайқайларын жеткізді тұрғындар.

- Қазақтарда айтады ғой, бетін тілсе, қан шықпайтын. Тура сондай адамдар джи парктің бүкілі. Бәрі көзіңе қарап тұрып, өтірік соғады.

Мәселе мынада. «Астана» Аймақтық Электр Желісі Компаниясы өкілінің айтуынша, «Джи паркпен» екіжақты келісім осы айдың 15-не дейін ғана жасалған. Мердігер ұйым неге екені белгісіз, тұрақты шартқа отырудан қашқақтап жүр. Екеуара мәмленің уақыты өтіп кеткендіктен, Астана РЭК бүгін-ертең жарықты өшіруге мәжбүр. Өйтпеске, компанияның өзі қып-қызыл шығынға батқалы отыр. Электр желісінен ажыратқан соң, 12 қабатты тұрғын үйдің жеделсатысы істен шығып, төменгі қабаттағы сауда орындары мен подъездер жарықсыз қалады.

Бақытжан Әбдірахман, «Астана-АЭЖК» бөлім бастығы:

- 30шы желтоқсаннан бастап, осы үйді қосты. Потоянный схемаға. Гарантинный письмо жазылған. 15ші шілдеге дейін. Дальше все, жоқ. бүгіннен бастап, біз уже сөндіріп жатырмыз. өйткені бұл кісілер догорвор заключать етпид. На постояннуб электр энергию. Получатся, это потерья Астана РЭКа.

Тұрғындардың талабын тыңдап тыңдап тұрған «Джи парк» компаниясының өкілі бірде бір сұраққа толыққанды жауап бере алған жоқ. Тіпті Астана Аймақтық Электр Желісі Компаниясымен тұрғындардың өздері келісімшартқа отырулары керек еді деп кінәні соларға жаба салды.

Азамат Баймолдинов, «G-Park» компаниясының құрылыс жөніндегі директоры:

- Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтып отырғаны шындықтың ауылынан алыс. Бүгінгі күні Мадрид тұрғындары Астана РЭК-пен келісім жасаспаған. Бұл біздің құзіретімізге жатпайды. Біз өз тарапымыздан, біздің инеженерлеріміздің тарапынан керек құжаттарды тапсырып, барлығын орындадық.

Астанада жаңадан құрылған Нұра ауданының әкімі үш сағатқа созылған тартысты жиынның нүктесін қойды. Жүсіп Жұмағұлов ертең мердігер компания және барлық коммуналдық қызметтің өкілімен бір үстел басына отырып, мәселені қысқа уақытта шешуге уәдесін берді.

Жүсіп Жұмағұлов, «Нұра» ауданының әкімі:

- Ертең таңертең барлық коммуналдық қызметтің әрқайсысымен жеке осы сұрақтарды ашық түрде барлығын көтереміз. Мен оған сіздерге кепілдік беремін. Қысқа уақытта шешіп береміз. Содан кейін біз өз тарапымыздан «Джи паркке қандай шара қолданатынымызды қарастырамыз.

Ал дүйсенбі күні «мадридтіктер» жұмыстарынан қалып, күн сайын жаңа бір проблемадан көз аша алмай, шыр-пыр боп отырғанда «Джи парктің» бас директоры Ғабит Сәтмағамбетов әлеуметтік желіде миллиондаған оқырманына аспаздық өнерін паш етуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.