{metadescription}
«Сапасыз салынған баспанада тұру мүмкін емес»
«Сапасыз салынған баспанада тұру мүмкін емес»

«Сапасыз салынған баспанада тұру мүмкін емес»

Абай облысында мемлекеттік бағдарламамен баспана алып, енді үйінің игілігін көре алмай отырған тұрғындар наразылық танытты. Себебі үш жыл бұрын ғана пайдалануға берілген пәтерлердің төбесінен су сорғалап, едені опырылып түскен. Сондай-ақ  баспаналардың сыртқы есіктері мен бөлмелерді бөлген гипсокартоның өзі ырғалып әрең тұр. Ал, жергілікті әкімдік қос пәтерлі жиырма үйдің құрлысын жүргізген мердігер кемшілікті қалпына келтіруге міндеттелді,- дейді.

Бұл баспаналар Көкпекті ауданында аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мүгедектерге арнап салынған. Алайда, ішік құрлыстарының тас-талқаны шығып жатыр. Тұруға мүмкіндік болмағандықтан пәтер кілтіне ие болған жұрт жетім бұрышты жағалап жүр.

Баспана кілтін алғандырдың бірі Динара Қалкенова . Қазір көпбалалы ана ауласындағы қиіз үй мен қонақүйді паналауға мәжбүр. Себебі сапасыз салынған баспанада қыс мезгілі былай тұрсын, жазда тұру мүмкін емес дейді.

Динара Қалкенова, Көкпекті ауданының тұрғыны:

- Ана қазақүйде тұрып жатырмыз. Арасында қалтамнан ақша шығарып қонақүйде түнеймін. Дүние мүмкімнің барлығы далада жатыр. Үйімнің едені опырылып сыртқы есігім құлап тұр.

Әлеуметтік осал топтарға арналған баспананың құрлысы 2020 жылы басталған. Қос пәтерлік жиырма үйді салуға 635 млн теңге жұмсалған. Ал құрылысты Өскемендік компания жүргізіпті. Мердігер 20 үйді небәрі бір жылда бітіргенімен, сапасы сын көтермейді.

Гүлнұр Қиынбаева, Көкпекті ауданының тұрғыны:

- Мына үйлерде сапа жоқ. Төбесі жұпжұқа. Бір қабат стекловата жатыр. Есіктер пенамен ғана отырғызылған. Оның үстіне едендері опырылып жатыр. Пеш деген мүлдем. Далада домалап жатыр. Сапа жоқ.

Адам тұруға жарамсыз баспаналарды қабылдап алған аудан әкімі әлде қашан басқа қызметке ауысып кеткен. Ал, қазіргі басшы үйдің сапасында кемшілік барын жоққа шығармайды. Олар оқылықтың орнын толтыру мердігердің мойнына ілінеді дейді.

Дәурен Қойгелдин, Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары:

- Бүгінгі күні осы 11 үйдің ішінде еденнің отыруы пайда болды. Ал, үйді салған мердігердің үш жыл кепілдік мерзімі бар. Оларды шақырдық. Қазіргі кезде бес үйді жасады. Енді алтыншы үйді жасап жатыр.

Құрлысты жүргізген «CK Kaz-Alem» серіктестігі баспаналардағы кем-кем-кетікті қыркүйек айына дейін аяқтауы тиіс. Содан кейін аудандық әкімдік тұрғындармен келісім-шартты қайта жасамақ ниетте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде