{metadescription}
Теміртауда саяжай тұрғындары сусыз отыр
Теміртауда саяжай тұрғындары сусыз отыр

Теміртауда саяжай тұрғындары сусыз отыр

Теміртауда үш бірдей саяжай қауымдастығы екі аптадан бері қаңсып отыр. Өйткені су соратын насостарға электр қуатын беріп тұрған транформатор істен шыққан. Ал, өңірде неше күннен бері 40 градусқа дейінгі ыстық тұр. Жергілікті билік мәселені шешкенше бақшалардағы тіршілік атаулы қурай бастаған. Олар әупірімдеп жүріп жаңа трансформатор орнатты, алайда оның қуаты жетпей жатыр.

Бақшадағы гүлдеп тұрған көкөніс бүгіндері солып тұр. Өйткені мыңдаған саяжай екі аптадан бері су көрмеді. 76 жастағы зейнеткеркер қурап бара жатқан бақшаларына қарап қарадай күйінеді. Көктемнен бергі күтім мен ерең еңбек зая кетті. 35 градустық ыстықта діңкелеген қариялар бақшаны өлтіріп алмауға бар күштерін сарқып жүр.

Раиса Переверзева Теміртау қаласының тұрғыны:

- Атамыз құдыққа кетті. Кеше алты рет барып су алып келді. Елдер көліктерімен жүрсе, ол қоларбамен тасиды. Біз еңкейген қариялармыз. Бар ермегіміз бау бақша. Көз алдымызда ол да қурап барады. Мынау масқара ғой.

Су қоймасынан су соратын насосты тоқпен қамтып тұрған трансформатор Арселор Миттал компнаиясының меншігі. Ол істен шыққан соң бір мезетте саяжайдағылар мен біреше демалыс орны тіршілік нәрінсіз қалды. Сайжайлармен көршілес орналасқан кәсіпорын есебінен басқа транформатор қойылған. Бірақ оның қуаты тиісті деңгейде су беруге жетпей жатыр дейді тұрғындар.

Татьяна Гетман Теміртау қаласының тұрғыны:

- Еккендеріміз өліп бара жатыр. Жартысы қурап қалды. Елдер суға таласып бір бірімен жаға жыртысуға дейін барып жатыр. Біз Нұрқазғанға қосылып едік, тартпай жатыр. Электр қуаты жетпейді. Жанып барамыз.

Шенеуніктердің айтуынша Арселор Митталға қарасты трансформаторға осы жазда үміт артудың қажеті жоқ. Өйткені олар оны жөндеуге 3 ай кетеді депті. Сондықтан қолда бармен амалдауға тура келеді.

Ораз Тәуірбеков Теміртау қаласының әкімі:

- Қуат жетіспей тұр. Өйткені өндірілген қуат 6,2 киловольт болса, толықтай электронасостарды қосқан кезде 6,5 тен жоғары керектігі анықталған. Сол себептен жетіспеушілік нақты болып тұр. Сол себептен біз электроқуатты кесте бойныша жасаңдар деп ұсыныс жасап отырмыз.

Аптап ыстықта Теміртау тұрғындарының өзі ауыз сусыз қалды. Құбырлардың тозуынан екі күн бұрын қалаға су уақытпен беріле бастаған. Алайда тағы бір апат болып, ауыз су екі күн қатар берілмей қалды. Ал, су таситын көліктер аулаларды аралап үлгермей жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде