{metadescription}
«Қазмұнайгаз» АҚ: «АИ-95-тің тапшылығы тасымалдағы қиындықтардың кесірі»
«Қазмұнайгаз» АҚ: «АИ-95-тің тапшылығы тасымалдағы қиындықтардың кесірі»

«Қазмұнайгаз» АҚ: «АИ-95-тің тапшылығы тасымалдағы қиындықтардың кесірі»

Өңірлердегі АИ-95-тің тапшылығы тасымалдағы қиындықтардың кесірі. Бүгін елордада арнайы брифинг өткізген "Қазмұнайгаздың" басшылығы, аймақтардағы жанармай жетіспеушілігін логистикамен байланыстырды. Басқарма төрағасының орынбасары мұнай өңдеу зауыттарындағы қазіргі ахуалды да баяндады. Ал осы айдың басында ғана президенттен сөгіс алған төраға Мағзұм Мырзағаливтің өзі баспасөз конференциясына қатысқан жоқ.

Айдың басында Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты мен Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болды. Ел экономикасының күретамырына айналған ірі кәсіпорындарды осындай оқыс жағдайларға дайындамағаны үшін «Қазмұнайгаздың» басшысы мен Энергетика вице-министрі президенттен сөз естіген еді. Бұл Мағзұм Мырзағалиевтің осымен үшінші мәрте сөгіс алуы. Энергетика министрі болып отырған тұста сұйық отынның бағасын реттей алмай ескерту алған. Ал осыдан 10 ай бұрын орақ науқаны қызған шағында дизель тапшылығына жол бергені үшін Үкімет Мырзағалиевтің жұмысына теріс бағасын берген болатын.

Президенттің сынынан кейін бе, әйтеуір ақпарат құралдарын анда-санда ғана еске алып тұратын «Қазмұнайгаз» іле-шала баспасөз конференциясын өткізді. Бірақ, компания басшысының өзі төбесін көрсеткен жоқ. Негізгі сұрақтарға Мырзағалиевтің орынбасары Дмитрий Макеев жауап берді. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апаттан кейін бірқатар өңірде АИ-95-тің тапшылығы сезілді. Себебі осы маркалы бензинді Атырау мұнай өңдеу зауыты өндіретін. «Қазір зауытта жұмыс қалпына келіп, тасымал да ойдағыдай жүзеге асырып жатыр», - дейді төраға орынбасары.

Дмитрий Макеев, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ» Басқарма төрағасының орынбасары:

- Шынымен де кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ95 бензині жетпей жатыр деген ақпарат тарады. Бұл мәселе логистикаға қатысты. Өйткені, жанар-жағармайды еліміздің батысынан оңтүстік өңірлеріне жеткізу екі аптаға созылуы мүмкін. Яғни бензин бар, бірақ тиісті көлемі жолда келе жатыр. Еліміздің аумағы үлкен екенін ескерсек, логистика біраз уақыт алады. Жалпы, біз тиісті техникалық іс-шараларды атқардық, Атырау мұнай өңдеу зауытына өндіріс бойынша ауқымды көлемі жүктелді.

Бір айдан бері Шымкент пен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарында өндіріс баяулаған. Себебі екеуінде де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Келер аптада кәсіпорындағы мұнай өнімдерін өңдеу қондырғылары түгелдей іске қосылады деп жоспарланып отыр екен.

Дмитрий Макеев, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ» Басқарма төрағасының орынбасары:

- Павлодардағы мұнайхимия зауытында қара алтынды бастапқы қайта өңдеудің бірінші қондырғысы іске қосылды. Одан кейін қалған өнеркәсіптік нысандарды кезең-кезеңімен іске қосамыз. Шымкент бойынша жылу алмастырғыш қондырғысын жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазір оны іске қосу жүріп жатыр. Технологиялық параметрлерді тұрақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Зауыт штаттық жұмыс режиміне шығады.

Мұнай өңдеу зауыттарындағы апаттарға байланысты Үкіметте арнайы комиссия құрылған еді. Таяуда қорытындысыны жарияланып, станцияларда жабдықтар ескіріп, әбден тозығы жеткені анықталған. Атырау және Маңғыстау облыстарындағы өңірлік станцияларда, әуелгі кезекте, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында әлі де апат қаупі жоғары деген ұйғарымға келіпті. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өткен жолғы апаттардан кейін қаншалықты шығынға ұшырағаны айтылды. Басқарма төрағасы орынбасарының сөзінше, Атырау мұнай өңдеу зауыты бойынша шамамен 6,6 млрд теңге деп бағаланып отыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде