{metadescription}
Талдықорғанда жаңадан төселген асфальт үгітіліп жатыр
Талдықорғанда жаңадан төселген асфальт үгітіліп жатыр

Талдықорғанда жаңадан төселген асфальт үгітіліп жатыр

Талдықорғанда жаңадан төселген асфальт үгітіліп жатыр. Жылдар бойы күткен тас жол тым сапасыз. Әлі көлік жүріп өтпеген көше ертеңдері жаңбыр мен қар суына тіптен төтеп бермей, ағып кетеді деп отыр наразы тұрғындар. Өйткені, асфальт жабындысы қазірден-ақ ойылып, қолмен көтерсе жарылуда. Ал қала әкімдігі жұмысын "жүрдім бардым" жасаған мердігер компаниямен бірігіп мәселені шешуге уәде етті.

 «Жолымызды жөндеп жарытпады»! Хан тәңірі көшесі тұрғындарының соңғы уақытта жиі айтатын екі сөзінің бірі бұл. Ай басында асфальт салынатынын естігенде төбелері көкке жеткен олар, бүгінде тым ашулы. Өйткені, 30 жыл армандап жүріп жеткен тас жолдарының сиқы мынау. Айтуларынша, қызықтың көкесі жол төселіп біткенде басталыпты.

Вера Баталова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Міне жасағандарына 3 күн ғана өтті. Күн сайын көз алдымызда жолдың үсті үгітіліп, көтеріліп жатыр. Масқара ғой бұл деген. Тұрғындардың барлығы қазір ашуызадан жарылуға шақ тұрмыз. Адамгершілік деген қайда? Мына заманда жолды қалай жасау керегін білмеу тіпті ұят. Қалай болса солай сапасыз етіп төсей салған.

Роза Жылқайдарова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Строительный фирманың жанында Камаз бұрылса жанағы фирмаға қарай. Ана жер ойылып түсіп жатыр. Оны бір жөндеді. Мына жерді екі жөндеді. Мінекей бір салған асфальтіне қуанып қалып едік. Мынау копарылып жатыр. Мынаны қопарып тастап қайта салсын түгел. Мынаны қабылдамасын. Қопарылып жатқан асфальт енді қанша күнге жарайды. Біраз күннен кейін қайта қопарылып шыға келеді. Одан кейін салдық дейді. Қол қойылады.

Қара топырақ үстіне жұп-жұқа асфальт төседі дейді тұрғындар. Бір аптаға жетпей үгітіліп жатқан жолдың жаңбыр мен қарға тіптен төтеп бермейтініне сенімді. Есептеулері бойынша қалындығы 4 сантиметрді ғана құрайды екен.

Анастасия Бобкова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Ақбастау көшесінде асфальт кішкене болсын қалынырақ етіп төселген. Ал мына кеше ғана Хан Тәңірі көшесіне жасалған жаңа жол 3 есе жұпжұқа десем артық айтқаным болмас. Тіпті өздеріңізге көрсеткеніміздей қолмен де оп-оңай көтеріліп жатыр. Үлкен жүк көлігін қоспағанда, жәй ғана жеңіл көліктің өзін көтеруге қауқарсыз.

Атқамінерлер мәселені шешіп, кем-кетікті жөндеуге мердігерді міндеттейміз деп уәде етті. Қос тарап өзара келісімді екі жылға жасаған екен.

Арман Укунов, Талдықорған қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Жоба әлі пайдалануға берілген жоқ. Бүгінгі күнге дейін мердігер ұйымға ешқандай қаржы төленбеді. Талдықорған қаласының тұрғындарына әзірге даурықпауға шақырамын. Өйткені бізде жол жөндеген компаниямен 2 жылға кепілдік бар. Егер осы уақыт аралығында қандайда бір кенеттен жол үгітіліп, ойылып, кемкетік пайда болса «Марлен-А» компаниясы барлық жөндеу жұмыстарын өз қаражаты есебінен реттеуі тиіс.

Әкімдіктегілер жауапты компанияға олқылықтың ортын толтыруға 15 қазанға дейін уақыт беріп отыр. Өйтпеген жағдайда өздері сотқа арызданбақ. Бір қызығы, асфальт салуға қазынадан қанша қаржы бөлінгенін атқамінерлер ашып айтпады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде