{metadescription}
Ақтөбе аумағында орта ғасырлық қала болғаны анықталды
Ақтөбе аумағында орта ғасырлық қала болғаны анықталды

Ақтөбе аумағында орта ғасырлық қала болғаны анықталды

Ақтөбе аумағында орта ғасырлық қала болғаны анықталды. Себебі бұл маңнан 17-18 ғасырда өмір сүрген қазақ сұлтандарының қорымы табылып отыр. Сондықтан зертеушілер қала тарихын тереңнен қозғау керек дейді.

Шаһар аумағынан табылған қорымдарға қазақ сұлтандары жерленгені анықталған. Мұнда тұрған төрт құлыптас 1848-ші жылы қойылыпты. Сол тұста осы маңда ортағасырлық үш елді-мекен болған. Тіпті, қорымға қазақ сұлтандарына дейін өмір сүрген адамдар да жерленуі мүмкін. Әйтседе, қорғандардың қирандылары 50-60 жылдары сүріліп кеткен. Ал, тарихи нысандарға әлі толыққанды зерттеу жұмыстары жүргізілмей жатыр. Тарихшылар мен өлкетанушылар қаржылай қолдау болса археологиялық зерттеу жұмыстарын жандандырамыз деп отыр. Сондай-ақ, олар ескі қорымдарға қарап, Ақтөбенің тарихын 154 жылмен шектемей, 17 ғасырдан бастап есептеу керек - дейді.

Талғат Жұмағамбетов, Қазақ-Түркология ғылми-зерттеу институтының директоры:

- Ақтөбені 1869 жыл деп айта береміз. Неге? Бұл қате. Біз құлып тастарға қарап айта аламыз 19 ғасырда қазақтар осы жерде тұрып жатыр. 48-61 жылға дейін қайтыс болған адамдар осы жерде жерленген. Молалары бойынша айтуға болады. Мына зират 18 ғасырдың кезеңінде болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде