{metadescription}
Қарағандыда қамаудан қашқан қылмыскер ұсталды
Қарағандыда қамаудан қашқан қылмыскер ұсталды

Қарағандыда қамаудан қашқан қылмыскер ұсталды

Қамаудан қашып кеткен қауіпті қылмыскер қарағандылық полицейлерді аяғынан тік тұрғызды. Облыстық ауруханаға емделуге жеткізілген 35 жастағы сотталушы түн ортасында сытылып кеткен.

Сотталушының палатада жоқ екені таңға жақын анықталған. Дабыл қағылып облыс аумағының шекерасына бекеттер қойылып, өткен кеткен көліктің барлығы тексерілді. Түрмеде жатқан Батыс Қазақстан облысының тұрғыны бостандықта жүр деген үрейлі хабарлама әлеуметтік желілерде де кең таралды. Бұл жазасын өтеуші былтыр қыз зорлағаны үшін 10 жылға сотталған екен. Қарабастағы түрмеде отырған. Бүйрегі ауырған соң ауруханаға жеткізіліпті. Бірақ ауруын ұмытып, күзет көзін ала бергенде қарасын батырған. Көп ұзамай ол ұсталды. Енді оның қалай қашып кеткенін тергеу анықтап жатыр.

Бақытжан Құдияров Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Қашып кеткен азамат қалалық гараж массивтерінің бірінде ұсталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімініе жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ол қай уақытта, қалай қашып кетті. Соның барлығы тергеу әрекеттерінің негізінде анықталатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде