Судьяның ісі май шаммен қаралып жатыр
Түркістан облысында 5 жасар қызды айуандықпен өлтірген азғынға алдыңғы қылмысы үшін жеңіл жаза кескен судьяның ісі май шаммен қаралып жатыр. Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрғазы Шетеновтің қауіпті қылмыскерді не үшін бостандыққа жібергені тексерілуде.
Автор: Бек Әбиев
19.07.2023
Қаршадай қызға азғындық жасап өлтірген күдікті 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жыл отырып шықса, биыл мамыр айында ол тағы біреуді балтамен ұрып, өлтіре жаздапты. Бірақ аудандық соттың төрағасы күдіктіні сот залынан босатып жіберген. Бостандықта жүрген қаскөй бір апта бұрын көршісінің 5 жасар қызын зорлап, кейін бірнеше жерінен пышақтап өлтірген болатын. Қазір ол ұсталып, тергеу жүріп жатыр. Ал, оған жеңіл жаза берген судья Нұрғазы Шетенов денсаулығына байланысты жұмыста емес екен. Бірақ, аудандық сот төрағасын қызметінен қуу оңай болмайтын сияқты. Себебі, сот төрағаларын Жоғары сот кеңесі шешім шығарып, президент қол қойған соң ғана лауазымынан босатылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!