Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының экс-басшысы ұсталды
"Бармақ басты, көз қысты" әрекеттен келген шығын 500 миллионға жуық. Антикор осындай айыппен Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының экс-басшысын ұстады. Алмасхан Ахметжанов жер учаскелерін беру және нысандардың құрылысын келісу кезінде лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
19.07.2023
Тергеу мәліметінше, басқарманың бұрынғы басшысы қаладағы құрылыстың тығыздығын ескермей, әрі мақсатына басын қатырмай компанияларға құрылысты жүргізуге рұқсат берген. Нақтырақ, 3 жылдың ішінде 3 түрлі көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын бастауға заңсыз келісіпті. Әрине тегін емес. Салдарынан, мемлекетке 300 миллионнан астам теңгеге шығын келген. Сондай-ақ, 2020-шы жылы медициналық орталық пен халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысын да заңсыз келісе отырып, мүдделі тұлғаларға жер учаскелерін төмен бағамен және негізсіз берген дейді Антикор. Одан келген шығын 180 миллион теңге.
Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жер учаскелерін беру және обьектілерінің құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілеттерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сот қа дейінгі тергептексеру жалғасуда. Басқа да лауазымды адамдардың қатыстығы тексерілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!