«Семей орманы» резерватының қызметкерлері жаңа байланыс құралдарымен жабдықталды
«Семей орманы» резерватының қызметкерлері жаңа байланыс құралдарымен жабдықталды. Алайда 300-ден астам құрылғы қажеттіліктің жетпіс пайызын ғана қамтамасыз етіп отыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
19.07.2023
60 мың гектар аумағы жанып кеткен «Семей орманы» резерватының мәселесі шаш етектен. 650 мың гектар алқапты алып жатқан орманға қажетті техниканың 70 пайызы әбден тозған. Тіпті төтенше жағдай бола қалса орманшылардың бір-біріне хабар беретін рациясы да болмаған. Соның салдарынан 15 адам ажал құшқаны белгілі. Осы қайғылы жағдайдан кейін орманшыларға көңіл бөліне бастады. Мәселен, биыл өңірлердегі орман шаруашылықтарын техникамен жабдықтауға 1.4 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 133 су жаңа техника сатып алынбақ. Оның 30-дан астамы «Семей орманы» резерватына беріледі. Сондай-ақ, шілдеден бастап табиғат қорғаушылардың жалақысы көтерілді.
Данияр Тұрғамбаев, ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
- Қазіргі уақытта орташа орманшының жалақысы 80-120 мыңға дейін болған. Енді 100 пайыз үстемақы ретінде өседі. Сонда мөлшермен 150-200 мыңнан асады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!