{metadescription}
Шымкенттік шенеуніктер шетінен қамауға алына бастады
Шымкенттік шенеуніктер шетінен қамауға алына бастады

Шымкенттік шенеуніктер шетінен қамауға алына бастады

Шымкенттік шенеуніктер шетінен қамауға алына бастады. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қала әкімінің орынбасарын құрықтаса, Антикор төтенше жағдайлар департаменті бастығының қолына кісен салды. Мақсұт Исақов пен Мадияр Жақсыбаев пара беру және алу дерегімен күдікті деп танылып отыр.

Қатардағы полицейден бастап, бірнеше өңірде түрлі саланы басқарған Мақсұт Исақов 3 жарым жылдан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген. 49 жастағы шенеунік шаһардың көлік және автомобиль жолдары, туризм, спорт, еңбек инспекциясы мен цифрландыру секілді салаларға жауап берген. Бірақ әкім орынбасарының нақты не бүлдіргені белгісіз. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті де айтпай отыр. Құзырлы органдар Мақсұт Исақовқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Ал, еңбек жолын Өзбекстанда бастаған Мадияр Жақсыбаев Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментін 2020-шы жылдан бері басқарады. 44 жастағы полковник кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілігіп отыр. Антикордың мәліметінше, Жақсыбаевтан бөлек, еліміздің өзге өңірлеріндегі Төтенше жағдайға жауапты лауазымды қызметтерлері де қамауға алынған.

Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Айталық, жасырын ісшаралардың нәтижелері бойынша ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары парақорлықпен әшкереленді. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісім-шарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деп күдіктенеді. Пара сомасы 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде