{metadescription}
Түркістандық сотқарға тек үш айдан кейін іс қозғалды
Түркістандық сотқарға тек үш айдан кейін іс қозғалды

Түркістандық сотқарға тек үш айдан кейін іс қозғалды

Түркістан облысында мас күйінде көлік жүргізіп, жедел-жәрдем қызметкерлеріне жұдырық жұмсаған бұзақыға тек үш айдан кейін ғана іс қозғалды. Себебі сотқардың видеосы әлеуметтік желіге таралып, тек содан кейін ғана құзырлы органдар қимылдай бастаған.

Бұл видео сәуір айында Төлеби ауданында түсірілген екен. Көпірден бірінші болып өтуге таласып қалған Фольксваген жүргізушісі жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жығады. Одан кейін қолына сыра ұстаған күйі көлігіне мініп, кетіп қалмақшы болғанда полиция келген. Бірақ тәртіп сақшылары ішімдік ішіп, бұзақылық жасап, көлігіне жасанды мемлекеттік нөмір тағып алған азаматты жібере салған. Арада үш ай өткеннен кейін бұл видео әлеуметтік желіге таралды. Тек сосын ғана Полиция департаменті бүгін іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұзақының мас болғаны дәлелденіп, көлігі айып тұрағына қойылыпты. Ал, оны ауызша ескертумен жібере салған инспекторға қатысты қызметтік тексеру жүргізілмекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.