Астаналық кейуана «АЛЖИР» мұражайында лифтіден құлаған
Жауаптылар жазаға тартылсын. Ақмола облысындағы "АЛЖИР" мұражайында лифтіден құлап, жарақат алған кейуананың туыстары осындай талап қойып отыр. Айтуларынша, әлі күнге дейін қалалық әкімдікке қарасты мекеме басшылығы көмек былай тұрсын, кешірім де сұрамаған. Мемориалды кешенді көреміз деп, ауруханадан бір-ақ шыққан 83 жастағы әженің беті бері қарады. Дегенмен жақындары оқыс жағдай қайталанбас үшін жауаптылар қызметтерін босатқанын қалайды.
Автор: Мерей Қалиасқар
20.07.2023
45 жыл өмірін ұстаздыққа арнаған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Астанаға алғаш келген бері екен. Санасы сергек, жүрісі тың, қимылы ширақ қария мерекелік концерттерден соң мемориалды кешенге баруға қызығушылық танытқан. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының бейнетті күндерінен сыр шертетін мұражайды көремін деп, табанасты өзі бейнетке қалды. Лифтіге мінген бетте ол үзіліп, төмен құлдилапты.
Гүлнар Тұрсынбаева, жәбірленушінің қызы:
- Менің анам негізі денсаулығына сондай сыр беріп, төсек тартып жатқан адам емес болатын. Жүріп жүрген адам иә, бәрін көргісі келеді, білгісі келеді. Білмеймін енді қалай қарайтынын, екеуміз тұрамыз үйде. Өзімен кеше сөйлесе алдым. Сендер аман болыңдар, мен үшін қайғырмаңдар держись деп көтермелеп қойдым.Әзірше ешкім телефон шалған жоқ. Кешірім ешқандай болған жоқ.
Ал мұражайға ертіп апарған немересі мұражай басшылығы жауапқа тартылмайынша тыным таппаймын дейді. Қазіргі таңда жәбірленушінің жақындары прокуратураға арыз түсірген.
Дастан Қисықов, жәбірленушінің немересі:
- 35 мұражай Астана қаласы әкімдігіне тиесілі болғандықтан әкімдіктен бастап төмен қарай кім бұған жауапты солардың бәрі жауапқа тартылу керек. Лифтерді крайний қылып қоймасын дегенім ғой, өткені бір лифтерді алып тастаса, басшылық сөйтіп орнында қала берсе, ол ертең де осындай жағдайларға тап бола береді адамдар. Ештеңе өзгермейді.
Лифтіде болған 1969 жылғы мұражай қызметкері жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Ал кейуана әлі реанимацияда, жағдайы қалыпты. Ертең оған алғашқы операция жасалады.
Александр Степанов, №2 травматология бөлімшесінің меңгерушісі:
- Бірнеше жерден сүйектері сынған әсіресе аяқ ұшы мен омыртқасына қатты зақым тиген. Бұның алдында жасанды буын қойылғанын ескерсек, қайта қалыпқа келу үшін біраз уақыт керек болады. Шамамен жарты жылдың арғы жақ, бергі жағы, қазір дөп басып айту қиын. Бір айдың ішінде 34 ауыр операция жасалады. Одан кейін де үнемі дәрігердің бақылауында болуы тиіс.
Мән-жайды білмекке, мұражайдың өзіне барып едік. Бейнекамерамен кешеннің ішіне кіргізбеді әрі басшылығы да орнында болмай шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!