{metadescription}
Ақтөбе тұрғыны мас күйінде бір адамға оқ атты
Ақтөбе тұрғыны мас күйінде бір адамға оқ атты

Ақтөбе тұрғыны мас күйінде бір адамға оқ атты

Ақтөбе облысында араққа тойып алған тұрғын түн ортасында бір адамды атып, иығынан жаралады. Хромтау ауданының 50 жастағы тұрғыны бұдан соң да қару ұстаған күйі көше кезіп жүре берген.

Полицейлердің айтуынша күдікті удай мас болған. Оның қайда бет алғаны да белгісіз. Атыс жайлы хабардан соң полицейлер оның ізіне түсіп, тұтқындаған. Қазір ол тергеуге алынып жатыр. Дегенмен оның қару ұстауға рұқсаты бар болып шықты. Ал иығына оқ тиген зардап шегуші дәрігерлер бақылауында.

Нұрболат Сұлтанов Ақтөбе облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Мас күйдегі күдікті әйелімен жанжалдан кейін көпқабатты үйдің ауласына шығып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға оқ атқан. Жәбірленуші иығынан жарақат алды. Осы дерек бойныша ҚР ҚК 293 бабы 3-ші бөлігімен бұзақалық бойныша қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде