{metadescription}
Көтібар батыр атындағы көшеге өмірі асфальт төселмеген
Көтібар батыр атындағы көшеге өмірі асфальт төселмеген

Көтібар батыр атындағы көшеге өмірі асфальт төселмеген

Ақтөбедегі атақты Көтібар батыр атындағы көшенің тұрғындары шу көтерді. Олар жергілікті шенеуніктер ұлы бабаның атына кір келтіріп жатыр дейді. Өйткені бұл көшеге өмірі асфальт төселмепті. Жаңбыр жауса бұл көшедегі қозғалыс қиындайды. 3 жыл бұрын қала билігі мұнда тас жол төсейміз деген. Алайда бүгінге дейін құрғақ уәдемен күнелткен көше тұрғындары шенеуніктерді тағы ортаға алды.

Атақты батыр атындағы көше тұрғындары жыл он екі ай резіңке етіктерін сайлап отырады. Қазір қалада жаңбыр жиілеген тұста ол аяқ киім күнделікті қолданыста. Өйтпесе батпақ пен шалшық суды айналып өту мүмкін емес. Әр жерге бір тығылып қалатын көлікпен жүру де қиын. Осыдан зәрезәп болған тұрғындар коммуналдық мәселеге назар аударуды сұрайды.

Гүлнұр Еркінәлі Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Қазір бізде шілде айы, ал біз резіңке етікпен жүрміз түсінесіздер ма? Резіңке етікпен жаздың күні. Жарайды біз үлкен адам, біздің балаларымыз бар. Біздің көшеде әр үйде жоқ дегенде екі үш баладан бар. Ол деген қасірет, мына бала деген мына жолда не может ойнауға. Акиматтың бізбен шаруасы жоқ бізді мына үймен жауып тастады. Біз өзімізбен өзіміз, балшыққа батып. Балалар сабаққа бара алмайды, садикке бара алмайды.

Сөйтсе батырдың атындағы көшеге мүлде асфальт төлселмепті. Үш жыл бұрын жергілікті әкімді жолды жасап береміз деп уәде берген екен. Бірақ ол сөз жүзінде қалыпты.

Жұмабек Сайымов Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Бізге жол керек. Тұрған тұрысымыз мынау біреу жұмыста біреуі жас баласымен келіп тұр. Ертең сабақ басталады. Балалар, немерелеріміз бар сабаққа баратын. Толарсақтан саз кешіп келеді. Осыны әні істейміз міне істейміз деп үкімет әлі келе жатырғой. Істеген ештеңелері жоқ.

Тұрғындардың жиналысына шенеуніктер де жетті. Дегемен күн көзіне жалт жұлт еткен туфлилерімен көшені жүріп өтуге дәттері бармады. Бұл жол уәдені үйіп төккен жоқ.

Мирас Әжібаев Астана аудандық ТКШ және жолаушылар тасымалы мен автомобиль жолдары бөлімінің бастығы:

- Юго запад 1, юго запад 2 тұрғын үй алабының барлық көшелерінде асфальт болатын болады. Жоба бойынша барлық жерінде бар. Қазіргі таңда тек осы қоғамдық көлік жүретін басты көше болғасын содан бастап жатыр жұмысты. Көтібар батыр көшесі де бар. Жобаның ішінде асфаль төсеумен бірге, кешкі көше жарықтандыру да кіретін болады.

Батыр атындағы көшеге әзірге қиыршық тас төселетін болды. Тұрғындарға бұл ұнамаса да, түк жоқтан жақсы болғалы тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.