{metadescription}
Алматының Ақжар ықшамауданында тұрғындар тіршілік нәрінен тарығып отыр
Алматының Ақжар ықшамауданында тұрғындар тіршілік нәрінен тарығып отыр

Алматының Ақжар ықшамауданында тұрғындар тіршілік нәрінен тарығып отыр

Ішерге су жоқ. Алматының Ақжар ықшамауданында тұрғындар тіршілік нәрінен тарығып отыр. Күн жылыса тоқтап қалатын ауыз су мәселесі оларды әбден мезі еткен. Бұдан бөлек қараша көрмеген тамшы суымыздың коммуналдық түбіртекте төлемі көрсетіліп келеді деп ашулы. Әкімдікке де талай шағымданыпты. Алайда, әзірге базыналарына құлақ түрген ешкім жоқ.

Ақжар тұрғынының үйіне су келмей қалғанына 4 айдың жүзі болған. «Аптапта тіршілік нәрінсіз отыру тіптен қиын»- деген оның жаздағы машақаты осы. Қураған бау-бақшасын былай қойып, қара суды тіпті өз қажеттіліктеріне жеткізе алмай әлек. Қазір ауылдағы тұрғынының барлығы дерлік осындай күйде отыр.

Бақытгүл Дәрмешова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Міне Ақжарда 30 жыл болды су жоқ. Ішетін су жоқ. Арықта да су жоқ. Тасып ішетін суды сатып ішеміз. Су март айынан бастап тоқтайды. Қоңыр күзге дейін, октябрге дейін мүлде су болмайды.Құдайдың қара суына жете алмай қан қақсап отырмыз. Суды сатып алып ішеміз. Шомылуымыз, кір жууымыз керек болса, 12 мыңна водовоз сатып аламыз.

Жұрт жол бойына бос бөтелкелерін қойып, күн сайын су таситын көліктің жолын тосады. Аптап ыстықта аңқасы кепкен ауыл халқының біріне берілсе, енді біріне ол да бұйырмай қалады екен. Осылайша ауыз судан әбден зәрезап болдық дегендер шүмектегі су ақпағандықтан шөлмектегі суға күніміз қарады деп қапалы.

- Міне бірнеше айдың жүзі болды. Су жоқ. Қаңсып тұр бәрі. Суды водовозбен алып келеді. Мынандайларға құйып аламыз. Үйде ақсақалдар бар. Ата бар, әже бар. Жетпейді бізге.

Бірақ, судың өзі жоқ болғанымен ай сайынғы сұрауы бар. Яғни түбіртектерінде тіршілік нәрінің төлемі де көрсетіліпті. Осылайша ауыз суға зар болған халықтың реніші қара қазандай. Оталықтандырылған құбырлар үйлеріне қарай тартылғанымен, онда да келіп тұрған су жоқ.

- 70 жыл ауылда тұрдым. Балаларым осында тұрады. Осы жерде жақсы өмір сүрем ауылға қарағанда деп қалаға барсам суым бар, отырып тұра алмайтын адамбыз. Мүгедекпіз. Кемпіріміз екеуміз көшіп келдік. 9 айдан бері көрмегеніміз жоқ. Ауылымызға жете алмай қалдық.

Тұрғындардың жаз шықса тіршілік нәрінен тарығуына ескі инженерлік желі себеп. Яғни баяғыдан ашық өзеннен су ішіп келе жатқан қарашаға тартылған құбыр жүйесі тым жіңішке. Соның салдарынан қысым аз. Одан бөлек, таудан аққан қар суының да лайлануы бірден бір кедергі. Сондай желеумен әкімдік құбырлар бітелмесін деп, суды толықтай өшіріп тастайды екен.

Фархат Жаңбыров, Наурызбай аудандық Коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі күні біз Ақжар шағынауданын су сүзгілеу станциясының құрылысын бітпей, Шұғыла шағынауданынан казкадты методпен 8де 6 шақырымды құрайтын су құбырын салып біттік. Қазір Абдықалық көшесінде мына мердігер ұйым 200 метрге жуық су құбырын жалғаса, біз Ақжар шағынауданын сумен қамтамасыз етуге жоспарлап отырмыз. 15 тамызда бітіреді. 89 көше бар Ақжарда. 22 көшеде жаңа жобамен салынған инженерлік желілер бар. Соларға береміз. Және де баяғы ескі салынған жерлерді қолданамыз. Шамамен 30 көше. Ол баяғы ескі салынған жерлер 100діке, 60 трубалар.

Атқамінерлдер келесі айда ауыл тұрғындарының 70 пайызға жуығы ауыз сумен қамтылады деп уәде етіп отыр. Қалған қарашаға тағы бір жыл күтуіне тура келеді. Өйткені онда әлі жаңа инженерлік жүйе тартылмаған. Одан бөлек, мамандар су таситын көліктер санын арттыруды қарастырып жатқандарын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде