Абай облысында жаңадан төрт өрт сөндіру бөлімшесі ашылады
Биыл Абай облысында жаңадан төрт өрт сөндіру бөлімшесі ашылатын болды. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
20.07.2023
Өрт сөндіру бөлімшелерін Семей қаласы, Аягөз ауданы мен Алакөлден ашу жоспарланған. Алайда жаңадан ашылатын мекемелерде жұмыс істейтін құтқарушылар тапшы. Сондықтан кадр мәселесін дереу шешу керек деді министр. Сондай-ақ, Сырым Шәріпханов, жаңа облыста өрт сөндірушілерге тиесілі техникалардың ескіргенін де жасырмады . Қазір 200-ге жуық арнайы көліктің, 30 пайызы әбден тозған. Бірақ оларды толық жаңартуға қыруар қаражат қажет. Сондықтан министр ескі техниканы қалайда кәдеге жаратуымыз керек дейді.
Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Бірақта ол техникалар қолдануға жарайды. Оны ремонттап қолдану керек. Өйткені, оны жарамайды деп алып тастауға болмайды. Қазір пайдаланып, жоспар бойынша өз кезеңімен бәрін жаңартамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!